Сағат уақыттың өлшемі ме?

Сағат уақыттың өлшемі ме?
жеке
блог

Уақыт Алланың жаратылысы,сағат адамның ойлап тапқаны. Əр нəрсенің көрсеткіші болатыны сияқты,уақыттың көрсеткіші сағат. Сағаттың үш тілі болатыны секілді,уақыттың адамзаттан алатын үш шағы бар. Балалық,жастық,қарттық. Барлық адамға берілетін бірдей уақыт,адамдар сол уақытын сағатқа салып,жоспар құрып,өмір сүруде. Адамдардың бəрінде уақыт бар,əйтсе де ол барлық адамға жетіспейді. Уақыт алақанымызға құйып алған су секілді,шөлімізді қандырып үлгеруіміз қажет. Уақыт өзінің жолымен жүреді, біз жай ғана соның артынан ерушілерміз. Қай уақытта жүргенімізді білмейміз, жай күннің шығуы мен батуына куəгерміз. Қанша қымбат сағат ұстап көрсеңде, уақытты сатып ала алмайсын. Сағат уақыттың өлшемі емес. Өйткені,қазір қай уақытта жүргенімізді білмейміз,уақытта шек жоқ. Мысалы: сағат уақыттың өлшемі болса,не себепті уақытты тоқтатып қойсақ, уақытта тоқтамайды? Тек сағат елші ғана іспеттес. Уақыт керемет ұстаз, алайда шəкірттерін өлімге қиятыны жаман.