Сағат уақыт өлшемі ме?

Сағат уақыт өлшемі ме?
жеке
блог

Жер бетіндегі тіршілік иелерінің бəрі уақытпен өмір сүреді. Бірақ, қолына сағат таққанның  бəрі уақыт өлшемін біле бермейді. Уақытын зая кетіргенін де аңғармай қалады. Бірі уақытын пайдасыз істерге жұмсаса, екіншісі сол минуттарға зәру. Қаншама адамның өмірі қыл үстінде тұр. Соларға бақыттың құшағында болу үшін бірер сағатта жеткілікті. Ол-уақыттың қадірін білетін бірден-бір жан.

Сағат пен уақыт екі бөлек ұғым. Сағат-адамның қолынан шығатын дүние. Оны жөндеп, қалпына келтіріп, тілін қалаған санға алмастыруға мүмкіндік бар. Ал уақытты ұстап тұра алмаймыз. Ол сені кетпейді.  Сен оған еріксіз бағынасың. Уақыттың шектеуімен жүріп, тұруды үйренесің.  Оны ешқашан қайтара алмайсың және барында қадірін білмейсің. Сағат өз жұмысын тоқтатса, уақыт ілгері жылжиды.

Адам біраз нәрсені жасап, өзгерте алады. Бірақ уақытты шектей алмайды.  Уақыт көшіне ілісе алмаған пенде өмірде де соңғы орындарды қанағат тұтады. Қандай істе болсын, уақытты ұтымды пайдалану-үлкен өнер.