"Саған сенемін. Мой лучший" көрермендерді таң қалдыра бермек...

"Саған сенемін. Мой лучший" көрермендерді таң қалдыра бермек...
жеке
блог

   «Қазақстан телеарналары шетелдік жобалардың көшірмелері мен телехикаяларынан ғана тұрады», «тың дүние жоқ» дейміз. Ал шығармашылық ұжымның жасаған еңбегі, теккен тері көп жағдайда бағалана бермейді.

     Мысалы, 1 жыл бұрын Астана телеарнасы «Саған сенемін. Мой лучший» деп аталатын отбасылық думанды халық назарына ұсынды.

    Шоудың мақсаты – отбасылық өмірді дәріптеу. Ер азаматты қалай түсініп, сыйлау керек екенін нәзік жандылар өз ақылдарына салып көрсетеді. Ерлеріміз отбасылық өмірде кездесетін тұрмыстық істерді атқару арқылы немесе көңілді сайыстарда өз деңгейлерін байқатты.

    Жоба бірден көрерменнің көңілін жаулады. Бірінші маусым бойынша рейтинг жоғары, көңілге қонымды.

     Әрине, жексенбінің кешінде көңілді, тартымды бағдарламаны көргенге не жетсін? Әсіресе, үлкен сахнадан көріп жүрген жұлдыздарымыз, танымал тұлғаларымыз бағдарламада басқа қырларынан танылып жатса, керемет емес пе?

    Әйтсе де, БАҚ өкілдерінде де бағдарламаға қатысты айтылған сындар болды. Неліктен ер азаматтар үй шаруасын атқару керек? деген сауалдар қойылды. Бұрын-соңды болмаған жоба, жаңа бастама болғаннан кейін түсіну қиынға соқты.

    Бұның барлығы думанның екінші маусымының жалғасуына еш кедергі болған жоқ. Тіпті, танымал болғаны сонша, Ресейлік беделді арна бізден кейін бағдарламаны жарыққа шығарды. Иә, біздің отандық телевидение Ресейді басып озды.   Тек қана отбасылық қызықтан құралған басты думан «Саған сенемін. Мой лучший». Отбасылық ең басты думанның аты өзгермесе де, заты өзгерді. Енді барлығы өзгеше: қиынырақ, көбірек, қауіптірек және көңілдірек болады.

    «Астана» арнасының директоры Ләззат Танысбай мен «Adam Media Group» компаниясының бас продюсері Динара Адамның серіктестігінің арқасында ойын-сауықтық жоба көрермендерді жаңа қызықтарымен таң қалдыра бермек.