Саған жазған хаттардан
блог
Сені іздеген,
Көңілім сені іздеген?
Сені іздеген,көктемгі лебізбенен.
сен кеткелі қалғандай өмір тоқтап,
Тұман басып кеткендей еңісті елең.
Сені аңсаған,
Сезімім сені аңсаған,
Сені аңсаған дертімнен ем алса мән.
Сарыбаққа айналып сарсаң санам,
Саған қарай жел есті,дем ал содан..
Сені ойлатқан сагыныш,
Сені ойлатқан,
Сені ойлатқан кеудемнің реңі ой –батпаң..
Жабырқатпай жанымды тәтті мұңын,
Жанарыма жасымды тең бойлатқан..
Саған құштар жүрегім,
Саған құштар,
Сені көрсе қобалжып ,жағамды ұстар.
Менің жазған хатымды ей көгершін,
қанатыңа –ап, аруға тәмәм ұш бар
Сағыныштың өзің сап күшті әлегін,
Сен биледің кеудемнің ішкі әлемін.
Шалғай жақтан күткендей ай күнін- мың…
Сені іздеткен күндерге құштар едім..
Құшағыңа шөлдеген құшағыңа,
Құшағыңсыз өмірім құсалы ма.?!…
Бірге жүздік теңізде бірге ұшайық,
Бірге құлап бақыттың құшағына
Нұрболат Досжан