Саған да керек, маған да керек бұл бақыт...

Саған да керек, маған да керек бұл бақыт...
жеке
блог

Саған да керек, маған да керек бұл бақыт,

Шешілер түйін жауапты берсем тіл қатып.

Сырымды толық ақтара айтпай келемін,

Ал өзің жүрсің жүректі маған ұрлатып.

 

Естілер бәлкім, көңілімнің күйі өзіңе,

Іздейсің сезім, таппағаныңды сезіне.

Кінәламаймын, өзіңді мүлде, өйткені

Білемін, содан кеткенмін мен де безіне.

 

Тілеймін саған ғұмырлы оның болғанын,

Қарайлай берме, үмітсіз, үнсіз жолға мың.

Не дейін саған, тартып кетсе де тұңғиық,

Құтқарар бәлкім, махаббат дейтін қорғаның.

 

Сенгенің сенің, бақытқа бастар сезімің,

Бірақ та оның баянсыз болар кезі мың.

Құйындатып келіп құлата жаздар дауылдай,

Сенікі бақыт, төтеп бере алса төзімің.