САҒАН...

САҒАН...
жеке
блог

Сенің жанарыңнан мөлт еткен өзімнің қайғымды көріп, 
Жүрегіңнен мен қонар бос қалған айдынды көріп.
Қиялымның қанатын қақтырып, 
Кірпігіме аңсардың мөлдір шығын тақтырып.
 Ұмытқым келмеген... 

Сенің айтқан естелігіңнен өзімнің өткенімді көріп, 
Бұл күнге мен жайлы арманды қанат қып жеткеніңді көріп. 
Батар күнді құз басынан асыра салып, 
Жүдеу жүзіме Ай нұрын перде ғып жасыра салып. 
Саған жеткім келген...

Сенің қуанышыңа өзімнің себеп болғанымды көріп, 
Саған осы болмысыммен керек болғанымды көріп. 
Үзілмеген үміттің жетегіне еріп, 
Үркер мұңның әйтеу сөніп кетеріне сеніп.
Саған жолыққым келген...