“Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа”

  Ойлап қарасаңыз, осы сабырлықты таныту өте оңай сияқты, алайда эмоциялардың кесірі болар, адам сабырлылықты ойынан шығарып жібереді. Қандай жағдай болмасын сабырлық таныту өте маңызды. Осыны біле тұра болмайтын нәрсеге айғай шу шығарып жатқан қаншама адамдарды көріп жүрміз, ашуға бой алдыруға мүлдем болмайды. Қарапайымдылық қасиетін өз бойыңда сақтау, басқа адам баласына еліктемеу  керек.

  Сабыр - адам бойында асыл қасиет. Адамның ұстанымдылығын, инабаттылығын, қаншалықты тәрбие көргенін көрсетеді. Сабырлық ар, ұждан, ынсап негізінен құралған. Осы қасиеттер адам бойында болса, онда ол адам өзін-өзі сыйлайтын, жанындағы адамдарды сыйлайтын азамат. Сабырлылық өз ісінің пәктігіне сенімді, ниеті түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарайтын адамға тән қасиет. Ал немқұрайлық және еріншектік сабырлыққа қарама-қарсы қасиеттер.

Кейбір келеңсіз оқиғаларда адам өзін-өзі ұстап, сабырлық танытып, үндемей әңгімені аяқтауы керек. Бұл да адамның асыл қасиетінің көрсеткіші, ата-анасының тәрбиесінен, ақылдылығынан туындайды.

Сыйлы адам болам десеңіз сабырлы болыңыз, кішіпейіл болыңыз, адамгершілік және мейірімділік қасиеттерін бойыңызға сіңіріңіз. Халық арасында сабырлыққа байланысты айтылатын нақыл сөздер көп. Соның бірі Сабыр түбі – сары алтын. Өте орынды айтылған. Аллаһқа құлшылық қылуда сабыр сақтау дегені – қандай қиындықтарға қарамастан құлшылық істерін толық орындау. Кез келген қиыншылықта сабыр ету. Бұл қасиетті адам өз бойында қалыптастырса, көп жағдайда жетістікке жетеді. Өз бойымыздан осы қасиетті іздейік, оны жетілдірейік. Сабырлы адам- күш иесі.

 


Бөлісу: