Сабын ұғымы қайдан шыққан?

   

   Сабын ұғымы әр елде әр-түрлі аталады. Мысалы италяндықтардың "sapo" сөзін ағылшындықтар күнделікті тұрмыста "soap" деп атаған. Ал франсуздықтар - "savon" деп атаған. Осыдан топшылай келе сабын ұғымын франсуздардан келді деуімізге әбден болатын секілді.

   Батыс ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде осыдан 2500 жылдай бұрын жазылған қыш тақта тапты. Онда сабын жасау технологиясы тәтпіштеп жазылған. Онда бұл әдіс, ағаш күлі мен суға қайнатылған майдың қоспасы негізінде жасалады делінген. Бірақ бұл қоспаның нақты атауы жазып көрсетілмеген.

   Ал Мысыр археологторы Ніл өзені аңғарындағы қазба жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, сабын өндірісінің шамамен 6 мыңдай жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеп отыр. Сабынның шыққанына мыңдаған жыл уақыт өтсе де, кейбір ел тұрғындары сабын орнына хош иісі үшін ұнтақтар әзірлеп сонымен денелерін ысқылаған. Сондай-ақ желім, бұрша ұнын, балшықты да пайдаланған. Таңданбасқа шараң жоқ!?



Бөлісу: