Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #9
блог
Рас, қазақтың сұлу емес қызық жоқ шығар. Жаратқан қазақ халқының қыздарына ай десе аузын, күн десе көзін берген)))) Шындық! Әйтеуір бірінен асқан бірі сұлу.
Сәбинаның сұлулығында, алайда, тазалық бар))) Тұнық! Лайланбаған! Әлі де баладай сүйкімді. Бояусыз сұлу. Табиғи сұлу. Сондай табиғи сұлулыққа ие қыздар қатарына менің мына Топ - 10 ең әдемілерін тізіп шығайын. Бұлардың бәрінің де көркі бетін жуса, кетіп қалмайды)))
1. Мен үшін әлемдегі бар сұлулық менің сіңлімнің бойында секілді. АЛЛА тіл-көзден сақтасын, бірақ мен үшін әлі де кішкентай сіңлім сондай көрікті))))
2. Мына қызды өз басым Айшвария Райға ұқсаттым. Кіші жүздің тағы бір сұлуы)))) Шыны керек, көркіне таң қалдым!!! Маржан Каирова атты ару.
3. Викусик. Виктория Альжанова. Бұл қызды "Алтын қыз" демеске болмайды! Менің жақсы көретін құрбым. Сыртқы сұлулығынан басқа, оның ішкі жан дүниесінің кереметтілігі қандай!
4. Арсииииик! Сүп-сүйкімді сұлулық иесі)))) Мұндай табиғи, бұзылмаған көркі бар қыз сонымен қатар өте қарапайым))) Ешкім жазып кетпеді ме?)))))
5. Құралай Құдайберген. Бұл қызды қазнет жақсы біледі))) Сұлу, ұяң, инабатты. Артық сөз керек емес шығар))))
6. Лия Омарова. Аттракцион театрының актрисасы. Викторияның (жоғарыда атап өткен қыз ғой) шақыруымен бір қойылымға барып, әдемілігіне, әртістік шеберлігі мен даусына ғашық болып келдім. Талантты ару.
7. Зарина Карменова. М.Әуезов атындағы театр актрисасы. Керемет сұлу, менің ойымша. Нағыз қазақы сұлулық. Косметикасыз.
8. Аида Төлеубай. Бұл құрбымның да сұлулығы таза, бүлінбген. Сәбидей көңілі бар. Сонысымен әдемі))))
9. Мадина Бүркітбаева. Майкл (Садко) Шерімбектің қызыл етікті сүйіктісі))) Жеке таныс емеспін, бірақ осы қыздың бойында нәзік еркелік бар, сүйкімділік және сұлулық бар.
10. Акдана Муссаходжаева. Менің бұрыннан таныс құрбы қызым, сіңлімдей боп кеткен. Кезінде ортақ форумдарда отырып, талай тілдесетін едік. Сағынып қалыппын өзін))) Сүйкімді!
Қайсы бірін айта бересің))) Шетінен сұлу, шетінен әдемі! Келбеттілігі бір бөлек, бұл қыздардың бәрі де кіршіксіз жүрек иелері. Сабинаға қарасам сәби көргендей боламын, жоғарыдағы қыздарға қарасам да әлі күнге дейін сондай сәби)))
З.Ы. Ертеңге дейін шыдамай, жазып тастадым)))