Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #8

Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #8
жеке
блог

Қайсар «інім» өлтіріп жазасың ғой дегенде «жақсы» дей салғанмын. Бірақ кейін келе өлтіріп тұрып жазғаныммен өз көңілімнен шықпаса оның қажеті не деп ойладым. Шын ғой, мен индивидпін. Менің ғана ойымша әдемі деген қазақтың сұлуларын теру де оңай емес екен. Сосын көз алдымызда жүрген, өнерімен де, сұлулығымен де таңғалдыра білген әншілер туралы жазғым келді.

Бұл эстафета өзіме ұнады. Қазақтың сұлуларына неге тамсанбасқа? Неге әсем, көркем болуды үлгі етпеске? Өзге емес, өзіміздің нағыз сұлуларымызды үлгі етер болсақ, әрбір қыз өзінің құнын білетін болады, әрбір жігіт өз ұлтының сұлуларын қадірлейітн болады. Ал сол сұлулық бізге неге көптік етуі керек? Бұл менің ғана ойым. Мен осылай ойлады екен деп әлем өзгеріп кетпейді. Сондықтан бұл ойды салмақтап, өз ойларыңызды тұжырымдап жеткізсеңіздер деген ойым бар.

Біздің қоғам кейде көз алдында жүрген сүйіктілерінен жалығатыны соншалықты, іші пысқан адамдай мінін теріп кетеді. «Жұлдыз» деп, ат қоямыз да, оның жұлдыз болып қана көрінуін талап етеміз. Иә, халықтан үлкен емеспіз, иә, көпке топырақ шашпаймыз. Менікі кішігірім үндеу болсын, ұсыныс болсын. Абыройлы, әсіресе қыз балалардың қасықтағап жинаған абыройын шелектеп төгуге тырыспайықшы.

Сонымен, менің сұлуларым! Kiss

Баян Есентаева! Мен бұл кісіні көргенде тамсанғанымды көрсеңдер. Нағыз қазақ қызы осындай болса керек деп те ойлайтын тұстарым болған. 

Меруерт Түсіпбаеваның қылығы да, даусы да, сұлулығы да менің идеалым. Әртүрлі сын айтылады ғой, бірақ дәл осы кісідей әнін сездіре алған ешкім болмады.

Мәдина Сәдуақасовадай сүйкімді арудың тұрмыс құрғанын естігенде шын қуандым. Шын бақытты болса екен деп тіледім. Тілеулестерінің бірі болып қала беремін!

Мақпал Исабекованы instagram-да оқып отырамын. Суреттерін, жазғандарын оқып отырып, өте бір салмақты екенін байқаймын. Өте кішіпейіл қыз! 

Меніңше, сұлу, әдемі, көрікті, әсем сөздері синоним болғанымен олардың мағыналық реңктері әрқалай. Ал сұлулық нақты мынадай деп айтуға келмейді. Сұлулық әркімнің өз көзімен көргені. Дәл сұлу деген сөзді мен осы Асель Сағатоваға қарата айтар едім.

Индира Расылханның даусы да, әдемілігі де қазақтың үлгі боларлықтай стандарттары деп есептеймін!

Інжу өз жаңашылдығымен, ізденісімен келді. Тек соңғы кездерде шықпай жүргені болмаса маған қатты ұнайтын әншілердің бірі.

Тамара Асар жайлы көп аңыз естідім. Сол есіткен сөз арқылы оны қайратты екен деп таныдым. Даусынан да, сұлулығынан да қазаққа керек типаж деп ойлаймын. Әндерін де сүйіп тыңдаймын.

Маған осы кісі саған ұнайды ғой деп айта береді. Білмеймін, әйтеуір "Қалайша" деген әнін естідім. Басқа да орысша әндерін білемін. Кейде шын мәнінде өзім танымайтын біреуге ұқсап кететін сияқты. Бірақ әйтеуір, әдемі қыз екеніне күмән келтірмеймін. Даусы да керемет.

Мөлдір Әуелбекова өте қарапайым қыз. Ол қандай атақты әнші болып кетсе де мен үшін өте кішіпейіл, мінезі көркем қыз болып қала береді. Ал сұлулығы мен үшін бірінші орында. Қылықтары да ұнайды.

Ал негізгі сұлуым - үйімдегі ару. Мұны еш жасырмаймын. Тек оны айтып қойған соң ғана суретін салмадым. Жоғарыдағы кісілердің әрбір қыры, әрбір қасиеті өз үйімдегі аруда бар деп ойлаймын. #жуыпшаюемес Kiss

Келесі кезекті Aizhan Tabyn-ға беремін