Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #13

Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #13
жеке
блог

 

 

 

    Сәлем, массагеттіктер. Мен порталдың Қытайда тұратын оқырманымын. кезексөз берген Назерке сұлуға мың алғас. Қазақтың әр қызы сұлу. Әр адамда өзіне тән бір қасиет болады. Менің назарымдағы сұлу, сүйкімді көрінетін аруларды тізіп болған соң өзімнің сұлулыққа деген түсінігімнің басқаша екендігін сезіндім. олар біріншіден өз жұмысына ұқыпты жандар, екіншіден, ер мінезді; сонсын, сахара қызына тән еркіндік бар.

 

 

1, Жұматайдың музасы - Ләйла: «Тарыдай мең де кетті ме, таба алмай жүрген бақытым» болмаса, «Айыбым болса кеше жүр, асқақтау жердің маралы» деп Жұматай ақын жырлаған  Ләйла біздегі жігіт біткеннің арманы болып жүр. Қысқасы сұлулықты поэзияға жаны жақын достарым Ләйла деп түйсінетін сияқты, мен де солай ойлаймын.

 

 

 

 

 

2.Жанар САҒАТҚЫЗЫ:  Қытайға танымал кино режиссорі,  «қазақтың бар  қызы     жанардай  болса» дейтіндей керемет әпкеміз. Төрт, бес тілде еркін сойлейді.  пекинде ержетсе де, сондай қарапайым,  ұлт жанды. Қазақы мінезінен айнымаған.Kiss


 

 

 

 

3, Әлия ИҮСІПОВА:  2008 Пекин Олимпиадасында және одан бұрын да Қытай ақпарат құралдары жарыса қабарлаған, содан бері Әлиямен таныспыз. қазақтың халық әні « Қара торғайымды»  Әлияға арнаса болатындай. 

 

 

 

 

4. Қарақат ӘБДІЛИНА: Маған домбыра ұстап, жетігенмен ән салған қарақат ұнайды. Және оның өмір мен өнердегі кешірмелеріне қарап тамаша ана, аяулы жар, әдемі әнші ретінде елестетемін.

 

 

 

 

5, Алтынай: Қытай қазақтарының биші қызы, актериса. кереметтей сұлу.« Алтынайдың бір меңіне алты қала силар-ем» деген өлең де бар.

 

 

 

 

 

6, Айшолпан: 13 жастағы Монғолиялық  құс төресі - бүркітпен үйір қыз. ол жайлы ағылшын, қытай ақпараттарынан оқып сүйсінгенмін.

 

 

 

 

 

7, Қадила НҰРҒАЛИҚЫЗЫ:  Қытай қазақтарынан шыққан жас қаламгер, аудармашы. Ең маңыздысы танымал блогкер. Бізде интернет тұрғындарынан ол кісіні білмейтін адам жоқ. Қараған жанға мінезі қатал сезіледі, себебі сотшы болып жұмыс істейді. Дегенмен адамдығы өте биік әпке. Ол кісіге қарап қанша қыздың бой  түзегені үлкен жұмбақ.( форуммен түскен  фотосын іздеп таба алмадымFrown)

 

 

 

 


 

8, Минар НҰРЛӘЗЗАТҚЫЗЫ:  бұл кісі жайлы айтарым көп. Өнердегі әпкем, Қытай жазушылар одағы шығаратын «Ұлттар әдебиеті» журналы қазақ тіліндегі басылымының жауапты редакторы. Пекинде тұрады,АҚШ-та болған. Сүйкімді, мінезі кескін.  болашақта мүмкін үлкен жұмыстың басында отыратын кісіSealed.

 

 

 


 

9, Рәнна САЙДОЛЛА: Бұл менің құрбым. Қазір Пекинде, аспирант. Қытай, ағылшын тіліне жеттік. Домбыра тартып, ән салады, биді де қатырады. универде грппалас оқыған саусақпен санарлық қазақ құрбыларымның бірі еді. Қу қыз, Cool маған оның жұмысына шөгелдігі және өзін бағалай білетіндігі ұнайды. ( тайланд-та қытай тілін үйретіп жүргенде түскен фотосы болса керек.)

 

 

 

10.  Құралай ҚАЙРОЛЛАҚЫЗЫ:  менің  алтын  сіңілім.   Алматыда,  жақында  тұрмысқа шықпақшы. Ақылды,  мінезді. Бәрімізге  үйіріліп  тұрады. 

 

 

Сонымен  Массагеттегі алғашқы жазған кезексөзім тәмам. ИӘ, айта кетейін, біздің редакциямыздағы  Қытайлар  Сабина жайлы менен көп мәліметтерді біледі екен. Cool   

 


Келесі кезексөзді Назеркенің талабы бойынша  Meyirzhan Auelkhanға ұсындым.