Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #11
жеке
блог
блог
Үш нәрсе болса барлық қыз сұлу болмақ:
- Талғам
- Ақша
- Ерінбеу.
Дегенмен табиғат кей адамдарды ерекше сұлу етіп жаратады. Солардың ондығы:
1. Айнара Байжан. Айнара мінезі мен көркі үйлескен қыз. Қарапайым, ақкөңіл. Бұрын Массагет порталында жұмыс істеген. Болашақта мен Айнараны бизнес-леди, адал жар ретінде көремін. | |
2. Қарлыға Бүйенбай. Қарлыға қазір өздеріңіз білетіндей Массагетте жұмыс істейді. Сұлу әрі ақылды. Қарапайым, инабатты. | |
3. Фариза Тұмабаева. КазГУ-да бір группада оқыдық. Сыртқы сұлулығымен қатар, позитивті, ақылды, пысық қыз. Құрбым Айтолқын Фаризаны адам ретінде қатты жақсы көретін. | |
4. Фариза Боранбаева. Ақтөбелік қыз, әпкемнің құрбысы, дәрігер. Мінезі ашық-жарқын, адамға жанашыр. | |
5. Айзат Меңдешева. Суретте сол жақтағы аққұба қыз (Жалғыз тұрған суретін таба алмадым). Еліктің лағындай оралдық қыз, журналист, тұрмыста. Мектеп кезінде аудандық олимпиадаға бірге қатыстық. | |
6. Ая Өміртай. Журналист, блогшы. Жүрегі нәзік, қарапайым қыз. | |
7. Ботагөз Жүсіптегі. Ақкөңіл, ашық, қарапайым, көпшіл журналист қыз. Қызылордада. Болашақта бизнес-леди ретінде елестетем.
|
|
♥♥♥ Байқап отырғандарыңыздай, сұлу қыздарды қарапайым деп жазғанымда бір гәп бар. Сондықтан, жігіттер, сұлу қыздарға жақындаудан қорықпаңыздар! -))) Батыл болыңыздар, батылдықты барлық қыз бағалайды. Енді қалған үш орынды Қазақстанға танымал аруларға арнағанды жөн көрдім. 8. Әйгерім Қалаубаева. Бұл қызды танымайтын адам кемде-кем. Биші, әнші, сұлу қыз. |
|
9. Аида Жантілеуова. Актриса. Болмысы сондай ерекше. Маған қатты ұнайды. | |
10. Жанар Дұғалова. Сұлулығымен қатар ақылдылығы байқалады. Болашақта кітап жазғысы келеді екен. |
Кезексөз кезегі Назерке Смағұлда -)