Қытайдың ақпарат құралдары жарыса жазып жатқан қазақтың он жеті жастағы бойжеткені Сәбина Алтынбекова бір апта ішінде инстаграмындағы парақшасына 200 мыңнан аса адам жинап алды. Мен Сәбинаға ұқсайтын қазақ қыздарын теріп көрген едім. Өкінішке орай, интернет бетінде суреттер көп емес, сондықтан да ең көп дегенде 10 ғана аруды таптым.
Көріп болдыңыздар ма? Енді мен тапқанымша салдым. Сондықтан да сіздердің де басқа көрген, білген, таныс сұлуларыңыз болуы мүмкін. Ендеше неліктен әрқайсымыз өзіміздің әдемі деп тапқан қазақтың сұлуларын осы сайтта жинамаймыз? Эстафета бастасақ қалай, блогерлер? Ендеше, Эстафета талаптарын айтайын:
* Әркім өзінің ең сүйкімді деген 10 сұлуының суретін салады;
* Сурет қайталанбауы тиіс;
* Тек сурет салмай, жазбаша да оларға сипаттама беріп өту керек;
* Мүмкін болса сапалы сурет қана шығарайық;
* Салынған суреттердегі адамдардың жеке басына тиісуге болмайды. Әсіресе пікіршілер :)
* Эстафетаны қыз балаға, бала қызға беріп, кезектесіп отыру керек.
Ал, бастадық! Осындағы ең белсенді қыз көрінген Айша деген сұлуға кезекті берейін!
Көрейік, кімнің сұлу деп тапқан аруы ең көп лайк жинайды екен! :)