Сәбина келіннің басынан кешкендері 2
блог
Осы жылы кино саласында рас қуанышты жаңалықтар болып жатыр. Қазақ киносына кинотеатрларда билет болмай қалып, кино сеанстарды көбейтіп жатыр. Әрине, сұраныс бар да табыс бар, табыс бар жерде талас бар. Талас бар жерде сапаның өсетінін өздеріңізде білесіздер ғой.
Сәбина келіннің басынан кешкендері фильмінің жалғасын көріп тастадық. Өте қызықты, күлкілі. Жалпы, индия, өзбек киноларын қарасаң кино тақырыбы тек отбасына байланысты және келін тақырыбына құралған. Біздің де менталитке осы тақырып жақын сияқты. Халықтың ризалығына қарап осындай ойға келдім. (Мән бермеңіздер, бүгін типа философ болып, жалпы әңгіме ол туралы емес).
Келинка Сабинка 2 ның басты маған ұнаған нәрсесі әйел бақытының не екенін түсіндіріп бергені болды. Кино, сізді ойламаған нәрселердің болатындығымен баурап алады және оны күлкілі етіп көрсетуімен ерекшеленеді.
Нұртас Адамбайдың киноларында бір нәрсені байқадым. Ол киноның соңында күтпеген конец болуы. Нұртас Адамбайдың осы фишкасын осымен екінші рет байқадым. Біріншісін "Побег из ауладан" байқаған ем. Міне, екіншісі осы фильмде. Шыны керек, таңқалдыра алды. Осылай бір кездері Нұртасты ұнатпағандар оны аздап осылай мойындап келеді. Әрине, кейбір жерлері маған тым артық болған сияқты.
Дегенмен, маған бұл фильмде Жандос Айбасов ұнады. Тым сымбатты жігіт екеніне көзім жетті. Қарлығаш Мұхамеджанованың әдемілігі расымен қазақи әдемі, актерлық шеберлігі өзіне сай. Есжан Хамидуллин тамаша актер, мықты. Адамның түрі емес актерлық шеберлігі маңызды екенін көрсете білді халыққа. Бірақ, түріне бола қатты танымал болып кетпегеніне өкінем. Жалпы мықты актер.
Бүгіннен бастап кинотеатрлардан көрсетілетін киноға барыңыздар, күліңіздер, үйреніңіздер дегім келеді. Берер бағам 7/10.