Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Кеше ғана бір-бірімізді білім күнімен құттықтап, жаңа, көк мектеп киімімен оқу жылын бастағандай едік, міне, 3 тоқсанымыз да аяқталуға жақын. Бір демалып, бір оқып жүргенде оқу жылы да аяқталады. Жаз мезгіліне аяқ басқан соң, қайта сабақ деп жүреміз. Осылай жалғаса береді. Ал біз осы уақытымызды үнемді пайдаланып жүрміз бе?
Бір күні болмаса да, келесі күні осы сұрақ ойымызға сап етіп түседі. «Осы мен неге сүйікті ісіммен айналысуға үлгермеймін?» немесе «Мен неге Айша секілді сабақты үздік оқып, үйірмелерге қатысып, өз дарынымды ашпаймын?» және т.с.с. Сөйтіп ғаламторды ақтарамыз. Ең бірінші көзімізге тайм менеджмент деген ұғым түседі. Сол жайлы кеңірек ашып оқимыз. «Мынау маған қажет зат екен, ертеңнен бастап уақытты үнемдейінші» дейміз. Ертеңінде бұл ұмытылып кетеді. Жарайды, ұмытпай-ақ қойсын, бір күн уақытты үнемдейсің, екінші күн естен шығармайсың, үшінші күн де... бәрібірде, бір күні ұмытарың хақ. СОНДА БІЗ ОСЫ ҰҒЫМДЫ ҚАЛАЙ САНАМЫЗҒА СІҢІРІП, ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРАМЫЗ?
уаӘзірге осы. Айтарым көп, алайда кейінге қалдырайын. Блог қызықты болса лүпілдетіп, пікір қалдыруды ұмытпаңыз, ал қызықсыз болса жазбадан тез шығып кетіңіз. Уақытыңызды үнемдеңіз!