Сабағың қалай, әнші жігіт?!

Сабағың қалай, әнші жігіт?!
жеке
блог

Алишер Қайратұлы... Небәрі 17 жастағы мектеп оқушысы екенін өткен жазбада айтып өткен едім. Сол мектеп оқушысына  шоу-бизнестің қырсығы қалай тиіп жатыр?! Біздің сахна мектеп оқушысын,2014 жыл түлегін қабылдай алды ма?! Сахна немесе оқу деп талап қойған мектеп мұғалімдері...

Әнші Алишер Қайратұлы өткен бейсенбі күні Арай тобымен бірге Көктөбеде ән салған болатын. Ең таңдаулы,  халық сүйіп тыңдайтын әндерін көрермендерге тарту етті. Оның ішінде Қайрат Нұртаспен қосыла шырқап жүрген жастарға кең танымал "Алматы түні" әні де болды. Әнші сахнаға шыққаннан жастар шулап жақсы қабылдады. Барлық әнін қосыла шырқап шықты.



Кеш соңында аталмыш концерттің ұйымдастырушылары болып табылатын "Хит ТВ" арнасы сұхбат алып,тілшіден "Алишер жанды дауыста ән айта ма?" деген сұрақ келді. Әрине,айтады. Айта кетерлігі,жанды дауыс демекші, қазан айының 11ші жұлдызында Студенттер сарайында Алишердің Қыран тобымен бірлесе "Алматы түні" атты ән кеші болмақ. Ал 10 қазан ҚазМемҚызПУ /Қыздар Университеті/ Жазғы алаңында Алишер мен Қыран тобы алғашқы жеке кештерін береді. Дәл осы кеште жанды дауыста әндер орындалады.

Хит тв арнасына сұхбат!

Біздің ұжым 


Алишердің оқушы екенін көпшілік біліп қалды,алайда әнші оқушының сабағы қалай?! Расында да осы сұрақ Алишердің отбасы мен продюсерін де алаңдатып жүр. Себебі біріншіден,Алишер Талдықорған қаласында тұрады,ал концерттердің барлығы,шақыртулар әсем қала Алматыдан келетіні сөзсіз. Екіншіден,бітіруші түлектің алдында тұрған үлкен сын- Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бар. Бұл кезеңде әрбір бітіруші түлек үлкен сахна тұрмақ басқа еліктеушілікке бой ұруға уақыты болмай кітапқа белшесінен батып,күні-түні дайындық тестілеулері мен курсттық сабақтармен жүреді. Дәл осы қиындықтар Алишердің басынан да өтіп жатыр. Ең қиыны,алда жеке кеші тұр. Мүмкін біреу аталмыш кешті "тым ерте" деп ойлар. бірақ шатаспаңыздар,бұл есеп беру кеші емес, Алишер мен Қырандықтардың халыққа өздерін таныстыру кеші. Себебі Қыран тобының құрылып, сахнада өнер көрсетіп жүргендеріне көп болмаса да жастар әндерін жатқа біліп танып қалған, ал Алишер бір дуэтпен осы жылдың "хиті" болып кеткеніне ешкім таласпас. Танымал болдым деп кеңінен басу емес,керісінше "бұл ешкім танымайтын,бірақ өте танымал" әншінің асылында кім екенін,өнерге қалай келіп, бүгінде жасалып жатқан жұмыстарымен кеңінен таныстыру.

Кеш жүргізушісі Нұрсұлтан Ережепов

Тақырыптан ауытқым кеттім әдетімше,Шынында,бәріне қалай үлгеріп жатыр? ҰБТ, қатал ұстаздар мен Талдықорғаннан Алматыға

қатынау бұның барлығы оқушыға үлкен кедергі емес пе?!


Алишер жеке кешіне дайындалып жүріп сабақтарынан сұранып қалуда. Тіпті мұғалімдері арасында үлкен дау шығып,қарсылықтар болып жатыр. Әншілігін түсінгенімен сабақты ысырып тастау да болмас. Жыл сайын Еларна арнасында өтетін "Саз әлемі" бағдарламасына бұл жылы Алишер арнайы шақырту алған болатын. Алайда үлкен өкінішке орай, Алишердің бұл бағдарламаға қатыса алмау күдігі тұр. Себебі мектептегі оқуынан бөлек қосымша сабақтары,қала берді алдағы үлкен екі кешке дайындығы тұр. Бұның барлығына моральды тұрғысын айтпағанда,қарпайым уақыт пен күш-жігер жетпеуі анық. Қанша жегенмен адам баласы болған соң демалу керек. Бірақ дәл қазір Алишерде еш тыным жоқ,еш демалыссыз,тоқтаусыз үлгергенше жүгіріп жұмыс жасауда. Тынымсыз дайындалып жүрген әншінің қалаға қатынау қиындығы бар,дайындалу мүмкіндігі де аз қанша тырысқанмен. Сол себепті "танымал" оқушысын жиі сабақтан сұрап алып кететін продюсер мен администратордың басы  үлкен дауға қалып отыр. Сондықтан көпшілік сүйіп көретін Саз әлеміне қатысудан бас тартқан жайы бар. Соның өзінде бірнеше түсірілімдер мен концерттер бар. Тіпті мектеп директорының алдынан бірнеше рет өтуге де тура келуде. Алайда "өнерді ұғатын" қатал ұстаздарымыз жиі жіби бермесі анық.  Бірақ әнші жігіт оқуын жинап қойғысы келмейді. ҰБТ-ге мықтап дайындалуда әрі алға қойған мақсаты да нық. Заңгер болу арманы жігіттің. Қуантатыны,қаншама концерт пен кештерге,одан қалса халық қазынасы-тойдан да қалмауға тырысқанымен ән салып бола сала," тезірек жол жүрейік,ертең сабағым бар" деп шығатын ұқыптылық пен тәртіптілігіне ризаа боласың. Онысына бастысы өзім ризамын)))

Концертке келуді ұмытпаңдар,халайық!!!