Рысқұлов даңғылыңдағы жаңалық

Білесіздер ме, мен өзімнің "Алматыда" жұмыс істейтінімді еш сезімбеймін. Себебі жұмысым Рысқұлов даңғылының бойында. Жан жағында ірі өндіріс зауыттары, кәсіпорындар, металл цехтары. Автобусқа отырсаң кілең мотор майының иісіне өң бойлары тұнып қалған, қолдары қара жұмыспен күс болған "ағаларды"  не қалың қомыт шалбар, үстінде баллоновый күртеше киген барахолкамыздың майталман кісілерін көремін. Автобустан түскенде үстің солидол сасып тұрады. Тіпті өткенде жаңа жылды қалаға шыққан күні ғана "оо, жаңа жыл келіп қалыпты ғой" деп есіме түсірдім. Қысы жазы бір түсте деген жұмбақтың жауабы "Рысқұлов даңғылы" деп ойлайтын едім. Бүгін өзгеше. Бүгін гүл сатып тұрған адамдарды  май сасыған автобустың терлеп кеткен терезесінен байқап қуанып қалдым. Көктемнің лебі бірден есті. Құдай ау, көктем неткен керемет.

 

Қыздар, келіншектер, аналар, жеңгелер мейрамдарыңыз құтты болсын!!!

Мынандай жағдайлар болмасын:

 

Тек былай болсын:




Бөлісу: