RUUKKI: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЫНОКТЫҢ КОМПАНИЯ ҮШІН ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
блог
Көрме жыл сайын өз алаңында металлургия және металл өңдеуге арналған қондырғылар мен технологиялардың жетекші қазақстандық және шетелдік өндірушілерін, ірі машина құрылысы және болат құрылысы зауыттарын, инжинирингтік және сервистік компанияларды жинайды. Осы жылы көрмеге 27 елдің ішінен 380 компаниялар қатысты.
Ruukki компаниясының стенді қазақстандық компаниялар, салалар мамандары мен әлеуетті клиенттер тарапынан маңызды қызығушылық тудырды. Көрме аясында Ruukki компаниясы өнімдерінің барлық түрі ұсынылды, атап айтқанда Pural®, PVDF®, Pural Pharm® маркаларының полимерлік жабыны бар арнайы болат және Laser®, Optim®, Raex®, Ramor® маркаларының ыстықтай тегістелетін болаттары. Бірқатар өнімдер қазірдің өзінде қазақстандық нарықта белгілі, алайда кейбір өнімдер алғаш рет ұсынылды. Мысалы, Raex® маркасының болаты - дәл келетін қаттылығы және маңызды беріктілігі бар жоғары берік және тозуға төзімді болат. Raex® механикалық инженерияның әртүрлі салаларында пайдаланылады – мысалы, автоөнеркәсіпте, ауыр конструкцияларды көтеру жүйесінде, көлік пен тау-кен өндірісінде. Ramor® марканың болаты да алғаш рет ұсынылды, бұл болат бірегей гомогендік құрылымға ие, ол бұйымның жоғары ұзақтық мерзімділігін және қорғанысын қамтамасыз етеді. Құрышты болат, әдеттегідей, бар болғаны бір еселік баллистикалық әсерге, жарылысқа ғана төзуге қабілетті, сол кезде Ramor® болат сияқты озық баллистикалық қорғанысқа ие болады. Басқа жаңа өнімдердің бірі Laser® маркасының болаты болып табылады. Laser® маркасының болатын Ruukki лазерлік кесу мен икемдеуге арналған қондырғыларды жетекші өндірушілермен бірлесіп әзірледі және әлі күнге дейін оларды көрмелерде референстер ретінде немесе өзінің тапсырысшыларындағы қондырғыларды күйге келтіру үшін пайдаланылады.
«Көрме біздің әріптестермен және әлеуетті клиенттермен кездесуге жақсы себеп болды, сондай-ақ жаңа байланыстар орнатуға және металлургия мен машина жасауда қазақстандық нарықтағы маңызды қажеттілік жөнінде бағалы ақпарат алуға мүмкіндік берді – деп Ресейдегі, Белоруссиядағы және Қазақстандағы Metals бөлімшесі сату бөлімінің басшысы атап өтті, - Қазақстанда біз екі бағыт бойынша жұмыс істейміз: құрылыс, мұнда біз біздің арнайы полимерлік жабыны бар болатты ұсынамыз және тау-кен секторы, мұнда біз Raex® маркасының тозуға төзімді болаттарын ұсынамыз. Ағымдағы кезеңде біз қазақстандық рыноктың ірі ойыншыларымен, атап айтқанда, «Қазақмыспен», «Алтынтаумен» және «Полиметалмен» ынтымақтастық мәселелерін талқылаймыз.
Көрме шеңберінде Ruukki өкілдері сондай-ақ компанияның ағымдық және әлеуетті клиенттеріне арналған семинар өткізді. Семинарға қатысушылар Ресейдегі, Белоруссиядағы және Қазақстандағы Metals бөлімшесі сату бөлімінің басшысы Павел Афанесонконың және Ресей мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бойынша ыстықтай тегістелетін болатты сату бөлімінің басшысы Игорь Костырконың өкілдері болды, олар семинар қатысушыларымен Ruukki компаниясы және Ruukki Metals дивизионы туралы ақпаратпен бөлісті, ыстықтай тегістелетін кең жолақты және қалың қабатты өнімдер бойынша мәліметтерді және ыстықтай тегістелетін болатты пайдалану үлгісін берді.
«Қорытындылай келе, көрме барысында біздің бұрынғы бар және әлеуетті клиенттермен көптеген келіссөздер жүргізгенімізді атап айтуға болады. Қазақстанның бірқатар компанияларымен алдын-ала келісім жасалды және ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Жалпы айтқанда, көрмедегі жұмыс қазақстандық рыноктың біздің компания үшін қызмет бағытының болашағы аса зор болып табылатынын тағы бір мәрте дәлелдеді», - деп Афанесонко мырза атап айтты.
Ruukki компаниясы туралы:
Ruukki болат және болат конструкциялар өндірісіне мамандандырылады. Ruukki энергия үнемдейтін шешім мен жақсы өмір, жұмыс пен алға қозғалыс үшін болаттан жасалған конструкцияларды ұсынады. Бізде шамамен 9000-дай қызметкер жұмыс істейді, ал кеңейтілген дистрибьютерлік және дилерлік желі бүкіл әлем бойынша жайылып келеді және Скандинавияны, Ресей мен Еуропаны және Үндістан, Қытай және Оңтүстік Америка сияқты дамыған рыноктарды қоса алғанда, 30 елді қозғайды. 2012 жылы сауда айналымы 2,8 миллиард евроны құрады. Акцияның бағасы NASDAQ OMX (Rautaruukki Oyj: RTRKS) Хельсинск биржасында белгіленеді. www.ruukki.ru