Рұқсат сұрап кетейін дегенім ғой...

Рұқсат сұрап кетейін дегенім ғой...
жеке
блог

«Артылған үміттер қаншама,

Ақталғандары аз бірақ...»

 

«Өлмесін деп берген ғой  тауды маған,

Мен күрсінсем,күңіреніп тау жылаған.

Көңілімде бір құйын көтерілсе

Тауларымда тұрады қарлы  боран...» деп ақиық ақын  өмірін таумен бекер байланысырмаған  шығар. Өмірге келгелі бір таудың етегінен  ұстап,еңбектеп,кей жерлерде төрт аяқтап, кей  жерлерде еркін тауға өрмелеп келе жатқандаймын.Қай жерінен шалыс бастым,білмедім.Бір білерім,бір жерден оңбай қателестім. Таудың ұшар басына шықпасам да,бел ортасына жетер-жетпес жерде аяңдап тұрмын.Келген жерімнен «тәуекел!» деп артқа шегінейін десем осы күнге дейінгі барымнан айырылғалы  тұрғандаймын.Ал әрі қарай  өрмелейін, «тірі тіршілігін жасайды» деп  жүре берейін десем болашағым бұлыңғыр болатын секілденеді. Кейде,бір нәрсені бастау үшін міндетті түрде басқасынан бас тарту заңдылық па деп қалам.Не істейін?

Тау менің несібеме тиіпті ерек,

Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.

Ақсақалдар:-Таудай бол!-дейтін маған

Таудай болғым келеді,биік керек!

Тәуекел деп бәрін басынан бастайтын болдым.Басқалар сияқы жаңа өмір бастаймын дей алмаймын,өмірімді басқа арнаға бұрып,өзгергім келеді. Тәуекелге бел будым!Енді уақыт керек.Уақыт жетеді ғой,өзгерем,бұйырса!

***

 

       "Құрметті Массагетім!Менің бұл жазбам кезекті болғанымен соңғы болуы да мүмкін.Қош бол демеймін,аузым да бармайды.Менің шыққан ортам ғой.Байқасаң,Массагет,әр жазбамда «сені жақсы көрем,бәрі сенің арқаңда» деп үнемі айтып отыратынмын.Мұны бәз біреулер «жағымпаздану» деп түсінер,ол жағын өз еркітеріне  бердім.)Бұл хатымның өзгеруіме  еш қатысы жоқ.Демалыс басталғанда маңызды бір іс  бастаған едім.Содан бері соңы не болар екен деп ойым сан-саққа шашырап,күмәнді ойлардың жетегінде жүрмін.Уақытымның көп бөлігін соған арнап,шынымды айтсам,саған келіп,сәлем беріп кетуге де үлгермей жүрмін.Мектепте   сабақтан қалғандарды «себепті» я «себепсіз» деп белгілеп қояды ғой.Сол сияқты сен де  менің жоқ күндерімді «себепті»  деп белгілеп қоя сал,себепсіз қалып,із-түссіз жоғалғым келмеді...егер аман-есен келсем «анықтамам»  ретінде бір жазба жазамын,бұйыртсын!

        Құрметтілерім,жақсыларым,жандарым-Массагеттікер!Тағы да айтамын,мен бәріңізді бірдей жақсы көремін,шын!Ешқайсысыңызды  бөліп жармаймын!Сіздерді ешқашан ұмытпаймын!

Бір күн,бәлкім бір апта

Кетіп барам жыраққа.

«менен алыс кетті»-деп

Мені  ұмытпа бірақ та."

***

Бәрінде қойшы...

Бәрі де өтер тоқтаусыз,

Өмір ме өмір?

Өнбей де өспей, жоқ-барсыз?

Кезегім келіп,

Кеткенде келмес сапарға,

Хабарсыз,іссіз қалмасам екен  жоқтаусыз.

Мына жазғанымды «Массагет» журналының сыртына «записка» ретінде іліп кетті деп ойлаңыздар.

Құрметпен:Есіл еркесі