Рұқсат па?!

    «Адамның айтқаны емес,Алланың айтқаны болады»- деген рас екен.Пенде болғаннан  соң сүрінбейтін-тұяқ,жаңылмайтын-жақ  жоқ-ау,сірә!Осыдан біраз күн бұрын  ғана «Массагет» әлеміне өзгеше серпіліспен ,жаңаша  сеніммен келгенмін. Өзіме сенімді болып, аптасына үш блог жазамын деп ант та берген едім.Салтанат әпкем сезді ме,қайдам,мені жазадан құтқарып қалды.Бәлкім,осылай боларын сезген шығар?!«Өөөйй мына қыз не айтып кетті,өзінше блогты қатырып тастаймын деген еді ғой» дегендер араларыңызда болған шығар,иәәә?!Амал қанша,осылай болып қалды....

         «Қош бол,Массагет!Достар,көріскенше ,мүмкін бұдан кейін кірмей де кететін шығармын.Ренжітсем кешіріңіздер.Бірақ,осындағы әрбір тұрғын мен үшін аса қымбат әрі қадірлі болып қалады.Осыдан кейін де дәстүр бойынша ант беру рәсімін жалғастырып,жан-жақта шашырап жатқан эстафета таяқшаларын жинап,қайта жалғастырсаңыздар жақсы болар еді.Мен баяғыдааа осы ауылда тұрып,кейін еркелеп  жүріп белгісіз бір жаққа кеткен адам ретінде қалатын шығармын.Мүмкін араларыңызда біріңіз естеріңізге аларсыздар,мүмкін сағынарсыздар(бірақ сағындыратындай да,естеріңізде мәңгілік қалатындай да ештеңе істеген  жоқпын ғой). Бәлкім, «расымен осы Есіл еркесінің соңғы жазбасы ма деп таңданыспен көздеріңізге жас аларсыздар, я болмаса жай ғана жолың болсын ерке қыз» дерсіздер...не дегенімен ерік өздеріңізде ғой. «Аз сөз-алтын,көп сөз-көмір» екен.Сөзді сағызша созбай,өзімнің де жүрегімді  жылатпай сіздермен қоштасайын!Бәріңіз бақытты болуға лайықсыздар!Маған да бір сәт бақыт тілеп қоюды ұмытпағайсыздар!Ендеше...сау болыңыздар! Қош бол сүйікті Массагетім!»-демеймін. Жо-жоооқ,қате түсініп қалмаңыз,мен кетпеймін! Интернет әлемінде туылған туған  ауылымды қалайша тастап кетемін,Алла сақтасын!Қорықпаңыздар,мен  әлі бірааааз сіздердің миларыңызды ашытатын боламын. Негізі,адалдықтың белгісі деп ант қабылдадық қой,сосын хабар бермей кетуге дәтім шыдамады...Түсінесіздер,биылғы жас түлекпіз,қоштасу кеші болады дегендей...Ал жас түлектер,алдағы мерекелеріңмен!Мәңгілік есте қалатындай сәтті  өткізіңдер!Айтпақшы,мектеппен қоштасу кеші адамдарға бір-ақ рет бұйырса,маған екі рет бұйрғалы тұр,Алла қаласа!Бірақ,бұйырмай қалуы да мүмкін.Қалай дейсіздер ғой?... Өзім Есілде еркелеп жүргеніммен  Оңтүстіктен келген Әбекеміздің жерлесімін ғой.Ауылдағы сыныптастар  шақырып, . «ауылдағы  банкетке де келсеңші »- деп жатыр.Енді көреміз,бұйырғаны болар. «Бұйырған қашпайды» дейді ғой...Егер ауылға барсам келгеннен соң сіздерге жаааақсылап Жетісайымды таныстырамын ғой.Егер бармасам....(жарайды,қалғанын уақыт көрсетер)

         Мен негізі бүгін бұл жазбамды сіздерден рұқсат сұрау үшін жазып отырмын.Ұзақ болса,бір аптаға дейін көрінбейтін шығармын.Айтқанымдай,21-маусымда Астанада қоштасу кеші,25-маусымда ауылда.Шаршауымызды басып,алдағы шығармашылыққа дайындалып,оқуға құжаттарды дайындаймын дегенше осы уақыт жетіп қалар.Ертен  ауылдың ішінен көрініп қалуым мүмкін.Одан кейінгісін нақты бір нәрсе деп айта алмаймын.Бәрі жақсы аяқталса,бәрінен алған әсерімді сіздермен бөлісемін ғой,Алла қаласа! Суреттер мен видеоларды салып,қызықты сәттерді жазып дегендей...Жарайды,кейінгісін кейін көре жатармыз.Сонымен достар,рұқсат қой иә?!



Бөлісу: