Рухы биік қазағым...

Рухы биік қазағым...
жеке
блог

      Ел болу алдында тұрған шақ ұлттың егемен ел атанардағы мол сенімдерді арқалаған үлкен қадамы еді. Ұлтшылдық сипаты қыл үстінде тұрғанда елінің қамы үшін жан берген, намысы биік арыстардың еңбегі - мәңгі жүрегімізде. Қазіргі таңда еліміз бен жеріміз үшін қызмет ету отансүйгіш адам алдындағы міндет саналады. Рухы кеудесінде тулап тұрған азат халық үшін еліне қамқор, халқына адал болу ұлтжандылықтың басты нышаны. Ары мен ұятын алға қойған, арыстың алды бола білген қазақтың Ахметтей ұстазы, Шәкәрімдей шырағы , Міржақыптай жауһары, Мағжан, Жүсіпбектер секілді сана биігіндегі ер тұлғалы даналардың жолымен жүруіміз ең басты мақсат-мүддеміз. Ғасыр тұлғаларына айналған, ғаламат әлемді ғылымға баулыған жанашырларымызды тарихымыздың шар айнасы десек артық кетпейміз.
      Дүниенің көзін ашып, санамызға оқуды тоқытқан ұлт ойшылдары нұсқаған жолмен жүрер болсақ, ұлтымыздың жарқын өмірін қалыптастара алатынымыз анық. Бойында қуаты бар, көзі ашық, көкірегі ояу, намысы бойында кернеген жастардың көп болуы елімізге пайдасы тиеріне сеніміміз мол. Кез келген саналы ұрпақты білім мен ізденістің жолына бағыттасақ, дұрыс жолда жүргеніміз. Біз «Жаңа Қазақстан» болудағы басты кілттің не екенін білеміз бе? Ол – ұлт қамы үшін қызмет ету, халықтың жағдайын арттыру, білім мен ілімге құштар болу. Еліміздің өскелең жас буынына айтқым келетіні: біз – жастар, таусылмас жігері, сарқылмас қайсарлығы бар, тапқыр, әрі алғыр бола білуіміз керек. Қазіргі заман ізденісті, прогрессті талап етеді. Бәсекеге қабілетті болу да осы талаптарға әрдайым сүйенеді.
     Рухы биік қазағым... Шаңырағынның шаттығы таусылмай, жұртынның тыныштығы бұзылмасын. Ұлтымыздың ұлы күші мәңгілік болсын.