Сонымен менің айтпағым, қазіргі қазақ эстрадасында көбейіп кеткен рухсыз әндер туралы. Тіпті бұл мәселе қазіргідей сананы тұрмыс билеген қоғамда көп адамдарды ойландырмайды да, әрине бұл мәселені айтып, ойлап жүргендері де жоқ емес. Бұл туралы бірді-екілі жазушыларда әртүрлі жиындарда айтады да, қояды. Бірақ мұнымен мұндай әндердің азаятын түрі жоқ. Үйіміздегі көк жәшікті қосып қалсақта осындай әндер, интернетті ашып қалсақта осындай әндер, тіпті қоғамдық көлігімізде де осындай әндерді таңның атысынан жіберіп қояды. Ұялы телефондағы жағдай бесенеден белгілі. Сонда деймін-ау біздің қазақшылығымыз қайда қалады, есті әндеріміз қайда қалады деген ойғо мені мазалайтыны да. Қысқа болса да көкейге түйгенім осы.