Рухани мақалдар.
блог
Рухани мақалдар.
- Он ақылдыдан б.ір мейірімді адам артық.
- Шындық деген адамды
Жаралар да тазалар,
Өтірікке әйтеуір
Ертелі-кеш жаза бар.
- Алдағаннан алданған тәуір.
Арың кірленбейді.
4. Тірлікте көргенге не жетсін,
Бар болса бергенге не жетсін?
- Тәуір адам байыса,
Шапағатын ел көрер.
Жаман адам байыса,
Екі көзі шелденер.
- Бұрышсыз там жоқ,
Борышсыз жан жоқ.
- Ақылыңа сенсең де
Ақылдаса жүргейсің,
Жақсыларды жатсынбай,
Жақындаса жүргейсің.
- Шәкірттің жасына қарама, ықыласына қара.
- Жүрегінде мұз жатса,
Күлгеніне сенбегін,
Ізгілікті уағыздап,
Жүргеніне сенбегін.
10. Жүрегінде мұз жатса, аузынан жылы сөз күтпе.
- Тәнін жүдеткен салмағынан айрылар,
Жанын жүдеткен бар бағынан айрылар.
- Бақытты қылсаң өзгені, өз бағың да артады.
- Адамды күншіл қылатын – құштарлық пен іштарлық.
- Сөз тіл ұшынан емес, жүректен шықса ғанибет.
- Жетектесе ұятың, жетегінде жүре бер.
- Ұят – ізгіліктің ұясы.
- Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ.
- Есті бала ұяттан қорқады,
Ессіз бала таяқтан қорқады.
- Жақсымен кеңесе жүрсең, дәрежең теңесе жүреді.
- Қазыналы кеуденің асылына не жетсін.
Құдай берген мінездің ашығына не жетсін.
- Әкемін деп қайтесің, тіліңді ұлың алмаса.
Адаммын деп қайтесің, жүректе жылу қалмаса.
- Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар,
Жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар.
- Дәмділігін жаңғақтың дәнегінен байқарсың.
Ықыласын жақсының сәлемінен байқарсың.
- Қадірім бар деп сұраншақ болма,
Қайратым бар деп ұрыншақ болма.
- Аттың бағына иесі ортақ,
Ердің бағына әйелі ортақ.
- Жақсыға жағынба, сағын.
- Жұдырығы қаттыдан, жүрегі қатты жаман.
- Ер болсаң, нәпсіңді жең.
- Көздің тазалығын кірпік сақтаса,
Жүректің тазалығын ұят сақтайды.
- Ниеті тәуір жігіттің жүрісінде мін болмас,
Айтқанында зіл болмас, көңілінде кір болмас.
- Астан кедей қылса да, бастан кедей қылмасын.
- Көкірегі көр болса, екі көзден пайда кем.
Жетесінде жоқ болса, айтқан сөзден пайда кем.
- Есер қатігез болса, өзінің соры.
Есті қатыгез болса, елінің соры.
- Жігіттің де жігітін, ниетінен байқаңдар.
Ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.
- Кешіргеннің жүрегінен жүк түсер.
- Іші таза болмаса, ісі таза болмайды.
Құнты пейлі түзелмей, кісі таза болмайды.
- Ізгі іске қадам басарда, көп ойланып қасарма.
- Қарт болуға бала кезден дайындал.
- Тонын айналдырсаң жүні шығады,
Ішін айналдырсаң жыны шығады,
Әйтеуір айналдыра берсең,
Періштенің де міні шығады.
- Ықыласты шәкіртке дәрістің ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
- Ақтала сөйлесе, ақ болмағаны.
Мақтана сөйлесе, пәк болмағаны.
- Есті білімін көтереді, надан көкірегін көтереді, ақымақ тұмсығын көтереді.
- Салғырт болды дегенше, мәңгүрт болды десеңші.
- Мазақтағың келмесе, ақымақты сөйлетпе.
Азаптағың келмесе, ұялшақты терлетпе.
- Достың қатесін тізгенше, тәуір қасиетін ізде.
- Ұрының да ұстазы бар бағынар,
Жақсы ұстазға жолыққанның бағы бар.
- Ұстазды пірдей көр,
Ата-анаңмен бірдей көр.
- Адам кейде азаптан ғибрат алады,
Рахаттан зақымданады.
- Шүкір қылған адамның
Төрт жағы да – құбыла,
Айналасы – шұғыла.
- Есті сыр түйіп отырады,
Ессіз шыртиып отырады.
- Жек көргенді жек көрсең,
Жүректі зіл басады.
Жек көргенді жақсы көр,
Көңіл кірін ашады.
- Ең алдымен нәпсі қуды жүгенде,
Содан кейін бар-жоғыңды түгенде.
- Қолы ашықтың, жолы ашық.
- Жүрегі таза болса адамның,
Періштеден айырмасы болмас еді.
- Өзгенің мінін көргенше, жамандығын тергенше,
Өз бойыңды тазалап, өз ойыңды мазалап,
Өзіңмен алыс өлгенше.
- Қанағаты жоқтан ар-ұят іздеме.
- Байқамаса жүрек те кірленеді,
Кірленсе қара тастай түрге енеді.
- Кісіге жапқан шапаның өз жаныңды да жылытады.
- Көңіліңнің кетігі
Шүкірлік қылсаң бітелер,
Ал шүкірлік қылмасаң,
Жан азабын күте бер.
- Өзімшілдің де өз несібесі бар,
Бірақ өрісі тар.
- Көкірегі көр болып,
Ақылдан бал тамбаса,
Парасаты кем болып,
Лауазымы алдаса,
Ол кісілік далбаса.
- Күпірлік қылсаң,
Иығыңды зіл басар.
Шүкірлік қылсаң,
Көкірегіңнен жын қашар.
- Жаман-жаман ой келсе,
Жау көргендей қуала.
- Қарыздың ең ауыры да,
Ең үлкені де – уәде.
- Әділеттілік – парасатпен қоса
Үлкен ерлікті де қажет етеді.
- Өтер күн өтіп,
Келер күн келер.
Қалады бірақ,
Жүректе бедер.
- Көлеңкеңнен ғибрат ал,
Күн көтерілген сайын ол кішірейе түседі.
- Арқар қуған,
Жарды ойламай ды.
Пайда қуған,
Арды ойламайды.
- Ойсыз жүрген,
Мұңсыз жүрмейді.
Мұңсыз жүрген,
Жынсыз жүрмейді.
- Жуас деген аттың да
Үркетіні болады.
Момынды да сайтанның
Түртетіні болады.
- Әр кезіккен ерден,
Әр жер, әр елден,
Аққан су, өскен желден,
Айдын көл, асқар белден,
Күніне ғибрат ал.
- Сайтанмен жолдас болма,
Дәміңді татып та кетеді,
Үйіңде жатып та кетеді,
Бәлеге шатып та кетеді,
Тар жерде сатып та кетеді.
- Шөлде туған бақаның,
Шалшықтан өзге көлі жоқ.
Қатігездеу баланың,
Ағайын, туған, елі жоқ.
- Түсініп тұрса нықтай берме,
Қорқып тұрса жұдырықтай берме.
- Неге жақындап барасың,
Неден ұзап барасың –
Шамалай жүр арасын.
- Қыз баланың қымбаты мен қимасы – ұяты мен ибасы.
- Әдепсіз әйелдің қолында әдепті қыз өспейді.
93. Өктем айтқан жалғыз сөз кідіртіп те қояды, жүгіртіп те қояды.