Рухани мәдениеттегі дін мәселесі
блог
Дін жəне мəдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мəдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚƏ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мəселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мəдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мəдениеттану, антропология жəне социология саласының теоретиктері дінді мəдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мəдениет те болмайды. Дін əлеуметтік құбылыс һəм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, əлеуметтік, мəдени һəм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Əсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады. Заманауи əлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мəдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге əлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға жəне қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты əсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мəдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Əсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы жəне ХХІғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мəселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нəрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дəлел болмайынша Оның барлығын дəлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін əкелген дəлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих апиынына» теңеуі жəне Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) жəне христиан қоғамда өскенін жəне оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн. Дін адамдардың іс-əрекеттеріне бірінші дəрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мəдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мəселен, исламият адамдардың киінуі мəселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дəл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау жəне қабылдау салтына араласпайды. Мəселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мəселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу. Дінді мəдениет шеңберінен шығарып тастаған атеистердің нигилистік көзқарасымен келісуге болмайды. Өз ұстанымымен, шарттарымен, тиымдарымен ол біздің тұрмысымыздың барлық саласына: тіл мен ойға, тамақтану мен жеке қатынасқа, дəстүр мен салтқа, шығармашылық пен күйбеңдікте, қасиетті мен қасиетсіздіке көрініс тауып отырады. Дін заттай да, рухани да адам мəдениеті əлеміне кіреді. Дін қарқындылықтың түрлі қоғамның рухани өмірінің барлық мəнді элементтерін - əдет-ғұрыптар, дəстүрлер, салттар, құндылықтар, мəн-мағына. Онда мəдениеттің тұрақты, бірқалыпты бастамасы аса айқын байқалады. Мəдениеттің маңызды түйіні, саналы адам құбылысының пайда болуымен тарихшылар байланыстыратын құрама тұрақтылардың бірі, маңызды түйіндерінің бірін құрастыратыны баршаға аян.