Рухани жаңғыру - болашақ кітапханашылардың дара жолы

Рухани жаңғыру  - болашақ кітапханашылардың дара жолы
жеке
блог
 
Ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік, парасаттылықтың киелі ордасы, бұл – кітапхана. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал, сол киелі орда мен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтарды шәкірт бойына сіңдіруіне себепкер саналатын кітапханашылардың еңбегі қашанда мәртебелі. 
Тұңғыш Елбасымыздың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің өркендеуіне зор серпін берді. Ерекше бір  рухани серпіліспен басталған бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірлерінде нәтижелі жұмыстар атқарылғаны өзіңізге белгілі. 
Бүгінгі күні әлем елдеріне, дүниежүзі халықтарына өз зардабын тигізіп жатқан COVID-19 коронавирус пандемиясына күрес айрықша орын алуда. Елімізде карантин жарияланып,жұмыстарды онлайн атқару жүзеге асырылып жатыр. Осындай уақытта халыққа білім берудің қайнар көзі,ошағы болған кітапханаларда онлайн жұмыс істеуді бастап кетті. Бұл біз айтып отырған электронды кітапханаларды автоматтандыру жұмыстарының бірден бір көрінісі. Айта кетерлік жайт әркім оқығысы келген кітабын аудио кітапхана арқылы мәнерлеп оқылған таспадан тыңдай да алады. Электронды кітапхананың көп көмегін, әсіресе білім іздеген студенттер көруде. Қазір барлық оқу орындарының кітапханалары электронды нұсқаға көшкен. Студенттер бұрынғыдай сөрелерден кітапты іздеп, оны парақтап, қажетті тақырыбын үздіге іздемейді. Электронды түрде арнайы базаға кіріп, кітаптың аты мен авторын жазса өзі-ақ алдынан шығады. Бұл заманауи жүйенің бір пайдасы десек қателеспейміз. 
Бәрімізге белгілі оқу орынымыздың кітапханасының электронды жұсысымен айта кетсек. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапхана қорында 2 миллионнан аса кітап бар. Жыл сайын қор 50-60 мың кітаппен толығып отырады.Сондай-ақ кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен XVI-XIX ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған. Кітапхана кең түрде таралған әртүрлі абонементтерден, оқу залдарынан тұрады. Жыл сайын Қазақстандық және Ресейлік 850 атаудан астам мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Сонымен қатар арнайы магистранттарға арналған оқу залы мен шетелдің әдеби кітаптарының оқу залы бар. Ғимараттың үшінші қабатында электронды кітапхана орналасқан.   Кез -келген кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалынады. Оқу залдары тыныш әрі жылы. Керек кітабыңызды дер кезінде қолыңызға түсіріп оқи аласыз.Қазақстандағы студенттерге арналған ең үлкен кітапхана болып саналатын ҚазҰУ кітапханасының оқу залындағы оқырмандар орындарының саны-1192. Кітапхана жыл сайын 900 мыңнан аса келушілерді тіркейді. Кітапханашылар кітапхананың бай ақпараттық қорын оқырмандарға түгел жеткізуге тырысады. Осы мақсатта көрмелер ұйымдастырып, әдебиеттермен таныстыру өткізеді, ай сайын “Кітап әлеміндегі жаңалықтар” деп аталатын бюллетень шығарады. 1998 жылы кітапханада Интернет-зал ашылып, студенттер ғаламдық ақпараттық жүйеге кіруге мүмкіндік алды.  Университетіміздің Тарих,археология және этнтлогия факультетінің 2 курс "Кітапхана ісі" мамандығының студенттерінің өз мамандықтарының дамып келе жатқан шағында түрлі жаршысөздермен байқауларда бақ сынап жүр. Студерттердің білімге деген талпынысы көңіл қуантарлықтай.
Сонымен қатар бүгінгі таңда кітапханалар онлайн жұмыс істеу мен қатар түрлі іс-шараларды жүргізуді қолға алып отыр. Бұл дегеніміз жан-жақты дамуды талап ететін біздің заманымызға сай дамудың бірден-бір жаңа бағыты екені сөзсіз.
Қазіргі кезде , кітапханашының жұмысын автоматтандыру өте тиімді, әрі пайдалы болып табылады. Егер еңбек және нормативтік жұмыстың белгілі бір мінезін анықтайтын өзгерістер, кітапхана – библиографиялық процестерде автоматтандырудың тигізетін әсерінен болады.Сондай ақ мамандардың онлайн жүйені меңгерунің арқасында ір түрлі тікелей эфирлер жүргізіп,өз шеберліктерімен бөлісуде. Бұл істе студент жастар мен оқырмандардың карантин кезінде уақытын тиімді пайдаланып, білімін жинақтауға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық Университетінің  Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студенттері карантин кезінде рухани дамуды тоқтатып қойған жоқ.  6-7 сәуір аралағында өткізілген жыл сайынғы Әл-Фараби оқуларына  онлайн қатысып,Zoom бағдарламасы арқылы қорғап Алтынбеков Қанат, Утегенова Гүлдона,Даутанова Рысгүл,Әжібекова Зарина атты студенттер жүлдрлі орындарды иеленді. Сондай ақ бплсенді студенттеріміздің бірі Рысгүл Дарханқызы  ШҚО Үржар ауданында ұйымдастырылған  Ұлы Бабамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлық онлайн байқауына да бақ сынап  жүлделі бірінші орынды иеленді.
«Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай,  Ұлттың коды дегеніміз – сан ғасырлық тарихи тамырымыз, атамұра өнеріміз, салт-дәстүріміз, білім-ғылымымыз және отбасымыз. Білімге ұмтылып, жақсыны үйреніп, жаманнан аулақ болуды қазақ атамыз баяғыда айтып кеткен. Міне, осы құндылықтар, «Рухани жаңғыру» бүгінде ұлттық идеологиямызға айналып отыр. Бабалар аманатын, олар қорғап қалған ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жердің қыр-сырын, тылсым құпияларын бүгінгі ұрпақ жете білуі тиіс. Туған жердің әрбір тасы мен сайы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. 
- «Рухани қазына» - бұл сана мен рух жаңғырығы. 
Руханияттың қайнар көзі – ауыз әдебиеті, ұлттық салт-дәстүр, әдеп пен тәрбие, көркем әдебиет, тарих, философия, дін. 
 
  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Тарих,археология және этнология факультетінің аға оқытушысы,Назгүл Денгельбаева.