Рухани жаңғыру
блог
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының "Рухани жаңғыру"мақаласының мәніне зер салған жандар бар ма екен? Егер жоқ болса,осы жерден біле аларсыздар. Жалпы,бұл мақала қазақ еліне арналғандығы сөзсіз. Дегенмен,мақаланың мәні неде? Мақаланың көптеген бөлімдер мен тараудан тұратыны бізге мәлім. Бұл дүниенің баршасы біздің болашағымызға арналған.
Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан соң,ана сүтімен өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Өсе келе кез-келген адамзат баласы алдына мақсат қояды. Ол-рухани жаңғыру.Яғни адамға ең біріншіден,материалдық байлықтан бұрын,рухани байлық қажет. Рухани байлық-адам азығы.
Алдымен мақаланың тақырыбына зер салып көрелік. Осы кезде "Рухани жаңғыру деген не" деген сұрақ туады.бірден ойыңа келетіні-жаны таза жандар. Яғни мақала тақырыбы жаны таза жандарға арналған . Дәл осы мақала тақырыбымен Елбасы бізге үлкен үміт артып отыр.Елдің болашағы жастардың қолында болғандықтан, болашақа та жастардың қолында. Елбасымы з біз секілді қазақ жастарына жол сілтеп,Болашаққа бағдар көрсетті. Ендеше,сол көшбасшымыз ұсынған жолдан таймай,ұлт болашағын жандандыру біздің қолымызда!
p.s Елінің патриоты:Дәрібекқызы Даяна :)