Розатайдың кеңесі
блог
Розатайдың кеңесі
Сурет салуға деген қызығушылығым өте ерте оянған еді. Енді соның нәтижесін көріп отырмын. Зерігіп кеткен сәтте енді қолым бос болмайтын болды. Көптен бері сурет салмай кетіп едім. Алайда, сүйікті іс өз дегенін жасады. Қолым қалт етсе болды қарындашым мен қағазыма жүгіремін.
Мақтанғаным да емес, суреттерімді бұрын еш жерде жарияламаған едім, өткенде көпшілік танитын болар Розатай атты блогер маған суреттерімді постта жарияласай деп ұсыныс тастады. Мен де келісе кеттім. Пікірлеріңіз оң болар деген үмітпен бүгін жариялауды жөн көрдім. Суреттерімнің арасында танымал актер Роберт Паттинсон және шетелдік әнші Джастин Бибердің де портреттері бар. Ұқсата алдым ба ол сіздердің шешімдеріңізде. Сын түзелмей мін түзелмейді деп жатады ғой. Шетелдік өнерпаздарды шабытымның шыңы етіп алған бастамамның соңы жақсылық болғай. Алдағы уақытта өз халқымыздың мақтаныштарын ғана шабытымның өзегі мен қарындашыма арқау етіп алғым келеді. Соңғы сөз, әрине, өнерсүйер қауымда!Бұл суретте менің Ақ көкемнің балалық шақтағы суреті бейнеленген.
Кристен Стюарт, яғни, Белланың атақты "Сумерки" киносында үйлену тойына киген көйлегі.
Джастин Бибер болу керек болған)))
Аниме жанры мен мульткейіпкерлер - әуестігім))
Атақты актер Роберт Паттинсон. Бұл сурет менің мақтанышым. Себебі, ең алғашқы салған суретім осы)
Жалпы, аздаған өнерім осылар. Алдағы уақытта тағы да суреттер саламын, міндетті түрде. Әзірше осы))