"Роналдо", "Месси", "Бэйл"-дің ойыны біздеде бар...

 Кейінгі кезде әлем назары футболға ерекше ауды. Әр мемлекеттен аяқ доп иелері жулдыздай жарқырап, бүкіл әлем көзаймына айналуда. Бірнеше жылдың көлемінде, алтын доп, алтын будцы, және т.б. жүлделер Роналдо мен Мессидің уысынан шықпай жүр. Олардан бөлек тағыда :" Неймар, Роббен, Азар, Хамес, Гетзе "және басқада футболшылар өз командаларын алға жетелеп келеді. Ойындарына тәнті боласың, әрі қызығасың. Осындай ойыншылар бізде бар ма? Осы сұрақ  біраз адамды толғандырады..

 Әрине мұндай ойыншылар бізде жетерлік. Соңғы кездері " Б.Исламхан, Б.Жолшиев, Исламбек Қуат" т.б. талантты,  жас футболшылар еуропалық деңгейде өнер көрсетіп келеді. Олардан асып түсуге мүмкіндігі жетеді, бірақ сәл тәжірбие жетіспейді. Сонымен қатар, сәттіллік жолдас болар емес. Бірақ, Қырғызстан, Тәжікстан, Латвия құрамаларына қарсы керемет өнер көрсетті. Бұл әлі бастамасы.

 Суреттегі қызыл жиделі,бойы кішкентай, алдыңғы қатардағы "36"-шы нөмерлі "Қайсардың" жастар құрамасының Жамалдин Абай деген ойыншысы. Ол талантты, жігерлі ойыншы. Ес білгелі футбол десе, ішкен асын жерге қоятын еді. Не үшін айтып тұрмын, бізде Абай сияқты ойыншылар өте көп. Мен оларды мақтамаймын, тек солармен мақтанаын. Ұлттық құраманың ойыншылары, кеше ғана "Реал" сатып алған амстердамдық "Аякс" клубының түлегі Минк Питерстен кем ойнамайды. Демек, әр қазақ баласы корольдік клубтың сапында ойнауға лайық деген сөз. Әлем мақтайтын Роналдо, Месси, Бэйлдің ойыны біздеде бар...  

Ендеше, біз өз футболшыларымызға жанкүйер болып жүрейік достар.



Бөлісу: