"Романтикалық кездесулер" туралы жазғым келіп кетті. Көбі өзіме қатысты болмаса да, өзім куә болған оқиғаларды жазғым келді.
1. 10- сыныпта оқып жүргенде Ринат деген баламен дос болғам. Ол менен бір сынып жоғары оқиды. Біздің кезде мектепте жігітпен сөйлесу деген, кәдімгідей "запретный" болатын :). Менің папамда қырсық мені дискотекаға жібермейтін, екеуміз жаңағы кездесе алмай зар боламыз. Үйге келсе ағам бар дегендей. Ораза кезі болатын, кластастар ауыз ашарға шақырды. Менің аузым ораза, папам үндемей жібереді. Қызық, жаңағы балаға қалай қай жаққа баратынымды айтатыным есімде жоқ, әйтеуір ол сол үйдің алдында мені күтіп тұратын. Баламыз ғой сонда, ол мені ылғи сырғанаққа ертіп баратын. Қолымнан ұстап еще сырғанататын. Аяғым сұмдық тайғақ еді...
Сол баламен сөйлесіп жүргенде, сабақтың арасында үзілісте дала да тұратынбыз. Сіңілімнің сыныптастары маған қар атқылағанда ұнататын әйтеуір, мен олардан қашып әуре болам ылғи. Сол кезде көбіне мені Ринат қорғап қалушы еді, оны көргенде кішкентай балалар тым-тырақай қашады, мен оның артынан тығылатынмын ылғи :).
2. ауылдағы қыздарға "ағам бар" деген кәдімгідей қорқыныш еді ғой жігітпен жүрер кезде :). Әпкем екеуміз ағама жалынамыз "аға ананы ұрмашы, мамалары содан соң бізден көреді, анау- мынау" деп, ағам да қырсық әдейі істейтін соның бәрін. Содан, 8- наурыз келді. Әпкем жігіті келді да, ақырын далаға шығып кетті бес минутқа ғой сондағысы. Бір кезде мыжылып кеткен "I love" деген шоколад көтеріп келді (сол кезде сол шоколадтар мода болған, сыртында періштесі мен жүрегі бар). Күлеміз ғой, шоколадқа не болған деп. Сөйтсем ағам жаңағы жігітін ұстап алған, содан көтеріп алып қашаға тақап алып әңгіме айтқан ғой ағам "типа, менің қарындасыма келетін сен кімсің" деп, сөйтсе жігіт "мыжылды, мыжылды" дегеннен басқа ештеме айтпайд дейді, ағам жібергесің бірақ көрген ғой шоколадты оның арасында тәтем шығып қалған содан амалсыз берген ғой. Ағам әлі күнге соны айтып күледі.
3. 3- курс оқимыз, подружкалармен жиналып кафеге барамыз. Өзімізше жігіттерімізден жасыратынбыз ғой :). Содан бір подружкамның жігіті звондап қоймайды "қайдасың" деп, подуржкам "кафедемін" деді қоя салды трубканы. Бір уақытта отырсақ, жігіті кіріп келе жатыр риза болып. Күлеміз ғой "қайдан таптың, қалада соншама кафе ішінен" деп. Жүрегім осы кафенің атын айтып қоймады деді. Сол күні кештен кейін, құрбымды алып қашып кетті жігіті :).
Басқа да оқиғалар есіме түсіп жатса толықтырам :)