Романтикалық кездесу
блог
Қайыржан махаббат жайында біртүрлі эстафета бастапты "Романтикалық кездесу" деген. Әркім өзінше бір романтикалық танысулар мен кездесулерді жазады деген ойдамын. Алайда өзім қазір ойланып отырып, дым романтикалық танысу мен кездесуді есіме түсіре алмадым. Менің айналамдағы адамдардың бәрі қарапайым танысу арқылы танысқан екен және көбінесе интернет арқылы танысқандар. Сол себепті осы фильмдердегі танысулар жайлы сыр шертпекпін.
Мысалы, сериалдарда көп болады, бай жігіт кедей қызды ұнатып қалады. Мен кейде соны көз алдыма елестетемін: мысалы, Royal Tulip-тің қожайыны мені ұнатып қалды делік. Мұны ойлаудың өзі күлкінішті, әрі қорқынышты. Бай, бір сағаты менің жылдық жалақым болатын жігіт қалайша мені ұнатып қалады? Туфлиі жарқыраған, крахмалданған көйлегі (әйтеуір кинода солай дейді ғой), мүсінінде бір минусы жоқ адам саған келіп тұрса... Ё-моё... Ертегі деп осыны айт.
Қорыта айтқанда шіріген бай жігіттердің қарапайым қызды сүйіп қалатынына сенбеймін. Егер сүйіп қалса да ол қарапайым емес, модница, не болмаса стерва болады деп ойлаймын.
Алайда, сериалдардың желісі неге бай жігіттің кедей қызды жақсы көріп қалуына негізделеді екен деп ойлаймын. Әйтпесе көп қыздар бай жігіттерді аңсап жүреді, сөйтіп өмірбақи ханзаданы армандап өтеді ғой. Барынша өмірге реалды көзқарас қалыптастыратын сценарийлер жазу керек деп ойлаймын. Бай жігіттің бәрі ханзада емес!
Эстафета жалғасын Қарлығаға беремін.