Романтика және мен. (Эстафета)

Романтика және мен. (Эстафета)
жеке
блог

Үнді фильмдерін көріп өскен мына мен тырнағымның ұшына шейін романтикпін)) Маған романтика өте маңызды, себебі көңілдің адамымын. 

Романтика десе әрине алдымен сүйіктім елестейді))) Тууу, қиялдап кеттім әне))))) 

Әдемі табиғат аясы, құс жолы, киіз үй, алау жағып, домбыра тартып отырған менің жаным - осы романтиканың көкесі мен үшін))

Ауылдың иісін де сезбеген мына мен, табиғатты аңсаймын. Романтика десе де, біреулерге алып қалалар, асфальт үстіндегі "Мен сені сүйемін!", ең қымбат ресторандағы кешкі ас шығар, бірақ менің романтикамен қарым қатынасым басқашалау)))

 

 

Махаббаттың көрінісі дей алмаймын романтиканы, бірақ бонусы деуге болатын секілді))) Менің махаббатымның бонусы сол айналамдағы жүректер, ұйқасы бар бір екі жол сөйлем ғана. Олар болмаса сүймеймін деген емес қой)))

 

Осы кезге шейін талай романтикалық жағдайлар басымнан өтті. Оның несін жасырайын. Бірақ, соншама гүлдер мен сыйлықтардың ішінде, соншама әдемі сөздер мен әрекеттердің ішінде сүйіктімнің бір шоқ гүлі бұрынғының бәрін сызып тастады. Сүйгеніңнің сүйіктісі екеніңді сезіну нағыз романтиканың өзі деп ойлайтын болдым)))) 

Эстафета таяқшасын Дәкеге ұсынам (Данияр), күштііі пост жазып жіберші))))  

 

З.Ы. сурет салайын деп едім, басылмай, ашылмай қойды((((