Романтика

Романтика
жеке
блог

Романтика! Романтика! Романтика!

осы сөзді оқығанда көздеріңізге не елестейді? Маған қол ұстасқан екі жас елестейді.

Қыста

Көктемде

Жазда

Күзде

Романтика әдебиетте де, өнерде де,музыкада да бар. Суретшінің суретінде де, әншінің әндерінде де, жазушының романдарында  бар. Әр өнер иесінің туындыларыда кезігетін осы романтика менің өмірімде де бар.Романтика менің ойымша әр адам өмірінде бір рет болсын болады деп ойлаймын. Осы сайтымызда біраз уақыт бұрын "романтикалық кездесулер" деген эстафета болды. Кім бастағанын білмеймін. Сол эстафетаның таяғын жоғалтқан қолданушыны білемін. Ашуланып кетіп, жазбасын өшіріп, эстафета таяғын тізесімен екіге бөліп, лақтырып жіберген. Сол таяғы жоғалып кеткен эстафетаны жаңадан келген және осы эстафетаны жазбаған тұрғындардың арасында жалғастырып көрейік, өміріміздің қуаныш сыйлаған тәтті естеліктерімен бөлісіп.

Қазіргі заманның балалары сияқты іштен бәрін біліп туатын заманда дүниеге келмеппін,оқушы кезімде махаббаттың ауылынан сәл алшақтау болдым, мүмкін соның кесірі шығар әлі үйленбей жүргенім)))

Студент кезімде қыздармен шынын айтайық қарыннын қамы үшін жүрдік бір апталық екі апталық махаббат болатын, оларға ешқандай романтика сыйламаппын, тек қана магнитофондарының шнурын жөндеу,плитканың спиралдарын жалғау (ашық спиралды плитка тез қызатын соны жасырып ұстайтын қыздар), олардың орнына кезекші болу вахтада. Сөйтіп жүргенімде бір қызға ғашық болып қалдым. Бәрі жақсы, ол басқа жатақханада  тұратын. Күнде бөлмелес достарымның ең тәуір киімін киіп алып, сол кезде қолымыз жететін туалетканы сеуіп алып кездесуге баратынбыз. Күз мезгілі болатын, гүл алатын ақша жоқ. Семей қаласындағы қазіргі педагогикалық институттың басты оқу ғимараты (Турист гостиницасының жаныдағы) бұрынғы Шәкәрім Университетінің ғимаратының алдында әдемі студеттердің қолымен жасалған гүлзар бар болатын. Жолай соған соғып күзетшіге көрінбей гүл жұлып алып, жатақханаға бардым. Сыртта ғашығымның бөлмелес қыздары отыр екен. Қазіргідей сотка жоқ, вахтада отыратын кезеуші арқылы шақыртып жібердім. Қолымдағы гүлдің атында білмеймін, иісінде иіскемеппін.Бір таныс қыз кездесті, қолымдағы гүлге қарап күлді де "мыны гүлді Г-ға әкелдің бе, бұл гүлді ұлдарға ғана ұсынады емеспе" деді. Мен оның сөзіне сеніп қалып, сыртағы қоқыс жәшігіне апарып тастай салдым. Сөйтсем қыздардың әзілі екен. Сөйтіп алданып, ең алғаш қызға гүл ұсынбақ болған романтикам аяғы осылай аяқталды.

Содан кейін көптеген романтикалық сәттерім болды. Тағы бірде қалғанын жазамын. Менен ары қарай жалғастыру үшін Айжан Табынға ұсынамын.

Эстафета сұрақтары: Романтика сөзін естігенде көз алдыңызға не елестейді? Өміріңізде орын алған немесе өзіңіз куә болған романтикалық сәт.