"Робокоп" арқылы бізге роботтарды жақсы көрсетпекші ме?
блог
Сіздің өміріңізге роботтардың араласып, сіз үшін шешім қабылдағанын қалайсыз ба? Ойланыңыз, оларда сезім, аяушылық, мейірім, адамшылық жоқ. Тек тапсырманы орындауға тиісті құл темірлер... Бірақ, олар расымен сіздің өміріңізге араласып кетсе не болады?
Жаңадан шыққан "РОБОКОП" фильімініңі мақсаты да осы сияқты, осы мәселені шешу әрі роботтарды адамдарға жақсы көргізу.... (мүмкін, әлем бізді роботтар араласқан өмірге дайындап жатыр ма, кім білсін?)
Негізі, қоғамдағы пікірді, болған жағдайды БАҚ, жарнама арқылы басқаша белес алғызуға болады. Олар халыққа қалай жеткізілсе оны халық солай қабылдайды, себебі олардың сөзі дұрыс деп санайды. Сондықтан да, БАҚ төртінші билік, сондықтанда бәрі олармен дос болғысы келеді... (өзіме қатысты болғасын мән берген болуым керек, кейінгі кезде анық байқағаным).
Роботтарды әскерилердің орнына енгізігісі келген компания барлық депутаттар мен сенаттарды, БАҚ өкілдерін бәрін сатып алып өз роботтарының халыққа пайдалы әрі тиімді екенін көрсетуге тырысады. Бірақ, робот адамнан асып түсе алмайды деген екінші топ роботтардың адам үшін шешім қабылдағанына қарсы болады. Сонда ақша мен билік үшін бәріне дайын адамдар адамнан робот жасауды ойластырады.... Яғни адамша ойлап, адамша әрекет ете алатын робот жасағысы келеді. Солай, РОБОКОП идеясы өмірге келеді.
Көлігімен бірге жарылып кеткен Алекс Мерфи бұл үшін таптырмайтын адам болады. Олар оның тек эмоцианлды мықты екеніне мән беріп оны өз жобаларына таңдап алады. Адамнан РОБОКОП жасап шығу үшін оның басы ғана керек. Өзің елестетіңізші, сонда денесі қайда, ол қалай өмір сүреді?
Кейде өмірде адамның сезіміне көп мән берілмей кетеді, міне олардыңда басты қателігі оның ақыл-ойы, сезімі мен оның адагершілігі, махаббат пен баласының алдындағы жауапкершілігі бар адам екенін ұмыт қалдырғандары...
Иа машина жылдамдықты, ептілікті, адам өмірін сақтап қалуы мүмкін, тек адамның адамилығы мен оның сезімін емес.... Қалай ойлайсыз, ол енді адам ба?... Әлде машина ма? Сонда бізді бәрінен жоғары санатып тұрған нәрсеміз тек миымыз ба?... Қызық, болашақта біз миымызды ғана сақтап денемізді роботқа айналдыра аламыз ба, мүмкін дене мүшесі жұмыс істемейтін, мүгедек жандардан робот жасап өмірін ұзарта аламыз ба?... Сіз роботқа айналған адамды сүйе алар ма едіңіз?...
Менің өзімді біраз сұраққа алды, иа келісем фантаситика дерсіз. Дегенмен, әлемді орнынан қозғап жатқан күш сол адамның қиялы емес пе? Ойландыңыз ба, онда көріңіз мүмкін болашақта шынайы өмірден көрген кезде осы жазба есіңізге түсер...