РК

Иә, осымен зулап бір жарым айдың өткенін де байқамай қалыппыз. Бірі басынан тиянақты жүрсе, бірі - ұйқыдан жаңа оянған аюдай апта соңында қорбалаңдап жүр... Бұл тек "балмұздақтарға" ғана қатысты емес, жалпы көргенім. Тіпті асханаға кірсең асханада, далада жүрсең далада талқыға салынатын басты тақырып - РК. Осылай қысқартады екен, аралық бақылауды. Яғни, рубежка. Балл жинау дегенің қай мағынасында да балл жинау екен, Ара да бал жинайды, студент те балл жинайды. Ызыңдап жүрген бір адам, қыжыңдап жүрген бір адам, студенттер. Басында не үйренісе алмай, не ерінген болуы керек, баллға мән бермепті-мыс. Енді етек-жеңдерін жинамақшы. Бәрін айт та, бірін айт. сол РК өзімізде қалай өткенін айт!

Алғашқы аралықты өте жақсы тапсырдық (101 топтың барлығы). Құдайға тәубе, бағамыз жақсы. Негізі, блогқа мақтану үшін емес, сүйінші сұрау үшін жаздым)) Адам жеткізе алмайтын қуаныш екен, 100 балл жинау деген. Құрбыларыммен күлеміз, былтырғы жылы ҰБТ деп зыр жүгіріп ек, мына РК күнде бір ҰБТ секілді деп. Расымен, өзіне тән қиыншылығы бар екен. Майда-шүйде зат, десе де мәселе ол да. Сонымен не керек, бірінші 7 апта аяқталды. Өз мәресіне жетті. Енді екінші 7 апта бар. Одан да жақсы өтерміз, Алла қаласа! Бастысы, ниет түзу болсыншы. Ізгі тілек ізгілікке жетелейді. Барлық студент достарыма тілерім: РК-дан жақсы өтіңдер. Оқу орнындағы емтиханнан өзге, өмір емтиханында жолдарыңыз болсын! Не дегенмен, адам бола білу - ең қиын мамандық. 

P.S Соңғы келтіріліген афоризм радиожурналистка пәнінен жазған ой-толғауымның тақырыбы. Ойландыратын болған соң, орайын келтірдім. Баға сіздерден....



Бөлісу: