Ризамын, елім саған!

Ризамын, елім саған!
жеке
блог

Ризамын, елім саған 

1991 жыл, 16 желтоқсан. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып, бейбіт ғұмыр кешуге қадам басты. 

Міне, сол күннен бері ешқандай соғыссыз, тәуелсіз өмірді кешіп жатырғандығымызға 26 жыл болыпты. Осы 26 жылда қазақ елі не көрмеді десеңші... Қиындықтар, қайшылықтар, барлығы - барлығы қазақ елінің дамуына кері әсерлерін тигізді. Бірақ оған мойымай, тек алға жылжи бере келе осы күнге де жеттік. Бүгінгі таңда қаншама ашылулар, керемет өзгерістер дамуымызға себеп болды. Қазақ елінің басқа елдерге танылып, басқа елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы - дамудың тек бастамасы ғана. Қазақ елін алда өте көп жаңа бастамалар күтуде. Бұл тек басы ғана. Әлі - ақ дамыған елдердің қатарында болып, арманымыздың асқақ шыңында биіктейтін күн де келіп жетер. Ол күннің де келуі жақын, тек көп еңбектеніп, алда тұрған неше түрлі қиындықтарға төтеп бере алу ғана қажет. 

Қаншама жыл ел болып, ашық аспан астында өмір сүруімізді қалаған ата - бабаларымыздың арманы орындалды. Қазақ елі бейбіт ел болып құрылды. Қаншама қиындықтарға төтеп беріп, алдан келген тосқауылдарға мойымай, алға жылжып, осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Оның барлығы қазақ елінің құрылуына себеп болған батыр бабаларымыздың еңбегі. Осындай байтақ елдің құрылуында өз өмірлерін құрбан еткен батырларымыздың жолдарын жалғастыру - біздің борышымыз. Қазақ елінің одан сайын көркейіп, дамушы елдердің қатарына қосылуына бірден - бір себепкер болатын қазіргі және келешек ұрпақ. 

 Қазақ елі - мәңгілік ел. Тәуелсіздікті алған күннен бері байтақ еліміз дамуға жол ашар қадамдарын баса бастады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тек биік шыңдарға шығуы үшін бұрын - соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Күні бүгінге дейін қаншама елге танылып, қаншама сынақтарды артқа тастадық. Көршілес елдермен тереземіз тең болып тату - тәтті ғұмыр кешіп келдік. 

Менің туған жерім, байтақ мекенім - Қазақстан. Осынау құдыретті сөзді әрбір қазақ асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатырған ұлан - байтақ жерімнің сұлулығында сөз жоқ қой, шіркін! Әрбір қаласының өз ерекшелігі, қайталанбас табиғаты, сөзбен жеткізе алмас сезім берерліктей қасиеті бар. Оларды айта кетпеу мүмкін емес. Тұрғын саны 1 миллионнан астам Алматы қаласының көркем табиғаты өзіне баурап алады. Ал одан кейінгі халық саны басым қала шырайлы Шымкент қаласы. Бұл қала да өз табиғатымен, сұлу жерлерімен басқа қалалардан асып түспек. Көмір өндіруден көш бастар Қарағандыны, мұнай өндіруші Атырау, Ақтау сынды қалаларды, тарихи естеліктерге толы Түркістан қаласын айтып кетпеу мүмкін емес. Міне, осындай ғажап қалалары бар Қазақстан бақытты. Бастысы бұл қалалардың тұрғындары Қазақстанның түкпір - түкпірінен болса да бір - бірімен өте тату әрі бір - бірімен тіл табысуы тез. Қазақстанда 150 ге жуық өзге ұлт өкілдері тұрса да бір ұлт секілді бір бірімен бір шаңырақ астында тұрып жатырғандай тату. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде ешқандай ұлт өкілдеріне деген қарсылық, тиым салу жоқ. Сонысымен де Қазақстан көпұлтты мемлекеттер қатарында. 17 миллион халықты бір аспан астында ешқандай соғыссыз, бір - біріне деген жеккөрініштіксіз ұстап отыру да оңай емес. Ол біздің елбасымыздың қолынан келіп отыр. Ол әрбір ұлт өкілдерін өз қандастары секілді сыйлап, құрметтейді.

Табиғаты таңғажайып менің Қазақстаным. Шұрайлы жерлерімен мақтана алатын, басқа елдер қызыға қарайтын егеменді елім бар. Сол жерлерге көзі түсіп, басып алуға тырысқан елдер қаншама. Бірақ оған ешқашан жол берілмейді. Қасықтап жинаған еңбегімізді шелектеп төккізуге жол жоқ. Қазақстанның табиғаты көзбен көріп қана қоймай іштей сезінуге мұрша береді. Өз қонақтарына керемет әсер беріп, қайта - қайта келіп тұруына себепкер болады. Көптеген туристтерді, өзге ұлт өкілдерін осы табиғатымыздың арқасында көріп отырмыз. Осы табиғатқа қызығып елімізге көшіп келген адамдардың да саны өте көп. Ең бастысы олардың біздің еліміз туралы дұрыс пікір қалдыруы. Еліміздің табиғатын ары қарай одан сайын көркем болуына да жол ашылуы тиіс.

Кейде ойланып отырып, Қазақстанда туылып, өсіп, өніп келе жатырғаныма қатты қуанып кетемін. Себебі соғыстан көз аша алмай, әр күнін жылаумен өткізіп жатырған елдер қаншама. Кейде осы елден кетіп, басқа жаққа ұшып кеткім келетін сәттер де болады. Бірақ ондай сәттерде елімнен алыс кетуге көңілім дауаламай, өзімді тежеп қаламын. Себебі қанша жыл өмір сүріп, бауыр басып қалған еліме ешқандай Лондон да, Франция да жетпейтінін түсінемін. Қазақстанның бір орында тұрмай, әрі қарай көптеген жетістіктерге жетуін қалаған ата - бабаларымыз жоғардан қарап отырып бір қуанып алатынына сенімім мол. 

Ризамын, туған жерім, мекенім, елім саған!

                                                               Нысанбаева Аружан

                                                               9 сынып оқушысы