Риторикалық өлең
блог
-Тағдыр теуіп, шешім таппай қалдың ба?
Кінәм бар ма алдыңда?
Өз сөзіңнен өзің айнып қалдың ба?
Кінәм бар ма алдыңда?
Бір сәт сынмен өзіңе көз салдың ба?
Кінәм бар ма алдыңда?
Не күтіп тұр? Зеректікпен шалдың ба?
Кінәм бар ма алдыңда? Не үшін?
Сені ұнатып қалғаным үшін,
Аяулы ақ арманым үшін,
Жадыраған қабағым үшін,
Сені іздеген хабарым үшін.
От боп жанған жалыным үшін,
Сәуле боп түскен жарығым үшін,
Сезімге шексіз сенгенім үшін,
Тек сені күтіп келгенім үшін,
Үкілеп күткен ертеңім үшін,
Сәби боп айтқан ертегім үшін.
Ізгілік аңсап аh ұрғаным үшін,
Басқанын мінін жасырғаным үшін,
Қасыңнан дәйім табылғаным үшін,
Арманға сені шақырғаным үшін.
Жанымды салып қорғағаным үшін,
Жақсылығыңды қолдағаным үшін.
Назды қылықпен өкпелеп едім,
Арзан күйіңді де сөкпеген едім.
Кінәлімін бе сол үшін?
Өткен күндерге зерделі оймен,
ойлашы назар салдың ба?
Ешбір күнәм да,
Ешбір кінәм да,
Жазығым да жоқ алдыңда!
Қош бол!
(Белгісіз автор)
сурет: lovestih.ru