Рингтон

Рингтон
жеке
блог

Сезімнің сынығы бар менде кеткен,
Екеумізге жалғыздық төнген өктем.
Ұялы телефоным шырылдады,
Ойладым сен бе деп мен.

Телефон да күйімді ұққаны анық,
Асығамын адымды нықтап алып.
Ал,сосын...қарай қалсам бөтен нөмір,
Үлгере алмай қалдым-ау тұтқаны алып...

Қойып қойды.
Қап,әттең! Үлгермедім,
Осы сәтте жүректі мұң кернеді.
Сен шығар деп өзімше үміттендім,
...Мұндай хәлде іздейді кімдер мені?!

Қиялдарға осы бір толған әлем,
Дәл осындай күйде еш болмаған ем.
Бөтен нөмір шықса да мойынсынбай,
Бұл СЕН деп ойлай бердім сонда да мен.

(Үрей,үміт-боп алған екі ермегім,)
Үндемесең, үндемей өтер ме едім?
Артынан хабарластым, әй,бірақ та,
...КӨТЕРМЕДІҢ!

Қирап қалған бұл күні шыны кеуде,
Махаббаттың бар тәтті мұңы менде.
Тағы да рингтон кеп есітілді,
Көтерсем сен екенсің...шынымен де!

...Табыстық.
Ұмытылып ойда бәрі,
(Қандай талап бұл тағдыр қоймақ әлі?)
Сол кездегі рингтон қазір,жаным,
Сен ғана хабарлассаң ойналады! 

...Сол-АЙ!

авторы: Жандарбек ЖҰМАН
http://vk.com/zh.zhuman