K-pop фанаттары Кореяның жарқын жұлдызы саналатын My name деп аталатын топты қарсы алған. Қазақстанға келу туралы ойды оларға Алуа Қонарова айтып, өзінің бір талабын да қойған – RinGo тобы корейлік жұлдыздармен бір кеште ән айтады.
Сонымен, көрей жұлдыздарын тыңдайтын әрі өзім танитын біраз қыз олардың концерті керемет өтті деді. Содан не керек, Ринго тобының мүшесі Аян Бірбаевтың парақшасынан дау шықты. Концерттен кейін-ақ ол Инстаграм желісіне бір сурет салып, кейін төмендегі суреттегідей коммент қалдырған.
Мұны қалай түсінуге болатынын ойлаңыздар енді. Бұдан кейін K-pop жанкүйерлері vk.com желісінде «Anti-cafe Аяна Бирбаева» деген атпен анти-кафе ұйымдастырды. 250-ге жуық адам Аянның ісін ар-намысқа тию деп, анти-кафені қолдап отыр.
Группа админдерінің айтуынша, олар қазақ әртісін жерден алып, жерге салуды көздемеген, тек өздерінің талғамын қорғау үшін мұндай қадамға барып отыр. Десе де, кейбір қолданушылар группа админдеріне моральдық қысым түсіріп, боқтық сөздер айтып, жазалайтынын жазған. Ал K-pop фанаттары өздерінің талғамын аяқасты еткен отандық әншіден кешірім сұрауын талап етуде. Олар бүгіннен бастап флеш-моб ұйымдастырып та жатыр. Ол үшін әр қолданушы А4 қағазға Аян Бірбаевтың кешірім сұрауы керектігі жазылған қағазды ұстап суретке түседі. Сурет группа парақшасында жарияланады екен.
Өтінішім бар: Бұл қыздарды да түсінуге тырысайық, олар өз талғамы үшін күресуде. Өнерде ұлт та, тіл де, басқа да болмайды. Бұл енді менің ойым! Ал Аянның әнші бола тұра ел алдында сондай мәдениетсіз сөз айтқаны тіпті де жараспайды!