Рига қаласы жайлы не білесіз?!

Рига қаласы жайлы не білесіз?!
жеке
блог

Латвия елінің астанасы көркем қала Рига жайлы не білесіз?!

Рига - 1201 жылы епископ Альберттің ықпалымен қаланған шаһар. Бұл қалада латыш, орыс, украин, неміс, ағылшын тілдерінде сөйлеп жүрген адамдарды кездестіруге болады. Даугава өзенінің жағалауында орналасқан қалада бар-жоғы 700 мың адам тұрады. Қала көшелерінде адамдарды көп кездестіре білмейсің, автокөліктер мен қоғам көліктері де аз. Бұл қалада метро жоқ.

Рига өзіне туристтердің назарын аударта білген әсем қала. Көне тарихи ғимараттары ЮНЕСКО қорғауында. Кеңес Одағы заманында Ригада көптеген фильмдер түсірілген. Қаладағы мұражайлардың басым көпшілігіне тегін кіруге мүмкіндік бар. Тек қана ретро көліктер топтастырылған Motor Museum мұражайында Сталин, Брежнев сынды тарихи көсемдердің мінген көліктерін көруге болады. Сондай-ақ, бұл қалады әлемнің өзге мемлекеттерінде жоқ Күн мұражайы бар.  Рига 2014 жылы Еуропаның мәдениет астанасы деп аталды. Ал дәл сол жылы Латвияда алғашқы рет әйел азаматы премьер-министр болды.

(c) tripadvisor.com

Өз басым, бұл қалада болған емеспін. Бірақ, баруды армандаймын. Себебі, Рига жайлы үлкендерден көп естігенмін. Үйде Риганың ғана емес, Латвияның өзге қалаларының көрікті мекендері бейнеленген кітаптар мен ашық хаттар болатын. Соларды көріп, қатты қызығатын едім.

(с)"Airbaltic"


Жақын арады бұл арманым жүзеге асады деп ойлаймын. Осы жылдың сәуір айында Алматы-Рига авиабағыты іске қосылады. 2018 жылдың 29 сәуірінде “AirBaltic” әуе компаниясы жаңа Bombardier CS300 ұшағында Алматы-Рига авиабағытындағы тікелей рейсті жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл рейстің ұзақтығы 5 сағат 45 минутты құрайтын болады. Ал бұл Рига қаласына тікелей ұшып бара алатын қазақстандық жолаушылар Балтық елдеріне саяхат жасауға мүмкіндік алады.

(с)"Airbaltic"


Енді Қазақстан мен Латвия елдеріндегі байланыс одан әрі жақындай түседі. Екі ел арасындағы 25 жылдан астам дипломатикалық қатынас нәтижесінде көптеген саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағытында көптеген іс-шаралар атқарылды. Жаңа әуе бағытының арқасында екі ел арасындағы туристтік қарым-қатынас та жақсара түсетініне сенімім мол.