"РЕЗИНА" БЕРІҢІЗШІ...
блог
Әріптесім бар, есімі Ақмарал. Екеуіміз бір ауылданбыз, бір телеарнада істедік. Әлі бірге жұмыс істеп келеміз. Өзі "позитивная" такая)))) Басымыз қосылса қарқылдап күлуден ішегім үзіліп кететіндей болады. Кеше де солай, мен рөлдемін. Бала кезді еске алып келеміз. Бұрын деймін мен, орыстар сөйлесе жерге қарап, кібіртіктеп терлеп кететін едік, не айтуды білмей. Сөзді ол жалғады, телеарнаға алғаш келгенде де орысша білмейтін едік дейді "Этоооо" деп қоятын кездерді еске алып. Расында орыс тілді азаматтан сұхбат алатын кезде "Цель" деуден әрі аса алмайтын едік қой, сұхбат беруші сарнай кететін деп тағы күлдік. Сөйтіп бір әріптес ағамыздың айтқаны еске түсіп "қаттық та қалдық". Сізге де айтып береін. Ол да орысша білмейді екен. Дүкенге бармай ма, газ баллонның резенкесін іздеп. Дүкенші кәріс әйел шемішке шағып отыр екен. Не айтарын білмей сасқанынан "резенке дайте" депті. Сатушы да мүшеқап тұрған сөреге қарай кетіп барады дейді. Оны көріп тері бұрық ете қалса керек. Содан кәріс әйел "-вам какую" деп сұрапты. Не айтарын білмеген ағамыз саусағымен "вот такую" деп көрсетіпті. (өзінің айтып бергені қызық енді) ... Біз әлі күліп жүрміз. Вот такую деп қойсақ қатамыз күлкіден. Айтпақшы Ақмарал екеуімізді көргеннің бәрі "Келін бе?" деген сұрақ қояды. Жоқ деумен болатын едік. Қазір "ия"дей салатын болдық. Негізінде доспыз ғой, бір-бірімізді жақсы түсінетін. Ия, кейде ұрсып қаламыз, бірақ тез ұмытылады)))