Ресей Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан "Тополь" РС-12М зымыранын атып, Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанға тигізді. Ресей 5 наурызға қараған түні Астрахань облысындағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық баллистикалык зымыранын сынақтан өткізді. Зымыран 5 наурыз күні Астана уақытымен түнгі сагат 12-ден 10 минут өткенде ұшырылып, шартты нысанға дәл тиді. Бұл ақпаратты оқығанда, төбе шашым тік тұрды. ДӘЛ ТІЙДІ. Мүлт кетсе ше?