Ресей мен Украина арасындағы текетірес
блог
Соғыстың түп тамыры қайда жатыр?
Күллі әлем дүрлігіп, көптің назарынан түспеген, ел экономикасына әсер еткен Ресей мен Украина соғысы дәл қазіргі уақытта өзекті мәселе болып тұр. Соғыс оты тұтануына біреулер Ресейді кінәласа енді біреулер Украинадан көріп, сан түрлі көзқарастар қақ бөлінді. Енді байқап көрелік. Киев пен Мәскеудің бітіспес жауға айналуына не себеп?
Сөз басында Украина батыстық демократияны, ал Ресей өз саяси жолын қолдайтынын айтып өтейік. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей мәселенің тамыры да осында. Бұл бағыттан отыз тіпті жүздеген жылдық келіспеушіліктің туындағанын сөзге тиек етеміз. «Славян халықтары туыспыз» деген ой Украинаның шамбайына тиді. 1991 жылы КСРО тарқаған тұста Ресей Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және арзан тарататын газы арқылы Украинаға жүргізген ықпалын сақтап қалғысы келген. Украина туын көтеріп Қара теңіз флотын қақ бөлген кеме 1997 жылғы «Үлкен келісімге» жол ашқан. Демек, Украина мен Ресей шекарасы нақтыланды. Қырым Украина елінің иелігінде екенін Ресей де жаппай таныды. Екі ел арасында ірілі-ұсақты қақтығыстар жалғаса берді. 2006 және 2009 жылдары Ресей тарапынан Украинаға баратын газ құбыры екі рет жабылды, 2008 жылы Украина мен Грузияның НАТО-ға кіруіне Путин наразылық білдірді, Ресей бұл елдердің тәуелсіздігін мойындамады, экспорт шектелді, 2014 жылы Қырымды басып алды, 2019 жылы жаңадан президент болып тағайындалған В.Зеленскиймен келіссөз жүргізілмеді. Германия мен Франция араласуымен «Минск-2» құжатына кереғар екі ел қол қойып күні бүгінге дейін кішкене екі жақты реттеуге септігін тигізген еді. Ал 2022 жылы 24 ақпанда ресми түрде «арнайы әскери операциясы» басталғанын жариялады. Бәрі осылай басталды.
Әлемдегі соғыс жағдайын талқылаулар қандай?
«Азаттық радиосының» мәлімдеуінше, кейбір елдер Киевтегі елші қызметіндегі мамандарының санын азайтып, АҚШ елшілігін уақытша Львовқа көшірген. АҚШ-та Украина саяхаттауға болмайтын елдердің «қызыл тізіміне» енген. Польшада Украинадан баруы мүмкін босқындар өткелін жасақтай бастағаны хабарланды. Ресейден және Украинадан экпортталатын шикізат тауарлардың өзге елдерде тапшылығы білінді. Туркия өсімдік майына зәру болса, Қазақстанда қант жетіспеушілігі байқала бастаған секілді. Оған қоса Түркия 75 пайыз Ресейдің газы мен мұнайына тәуелді деген ақпарат бар.
Әлемдегі жаңалықтаға өз көзқарасын қазақстандық сарапшы Думан Қабдығалиев былай білдірді: «Ресей-Украина текетіресі кезінде Орталық Азия елдері күту позициясында қалады. Өйткені бұл тек екі ел арасындағы дау ғана емес, Ресей мен Батыс елдері арасындағы мәселені қамтиды. Украинаның НАТО құрамына енуі мүмкін екені Ресейдің ашуына тиеді». Сарапшының айуынша, Орталық Азия елдерінің ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның алаңдаушылығы басым болады.
– Ресей Украинаға басып кіре қалғандай болса, оған санкция салынады. Осы санкциялардың бір ұшы Еуразия одағы және ҰҚШҰ аясында Ресейдің одақтасы саналатын аймақ елдеріне де тиіп кетуі мүмкін. Мәселен, Қаңтар оқиғасын өткерген Қазақстанға бұл ауыр соғуы ықтимал. Ал Орталық Азиядағы ҰҚШҰ-ға енбейтін екі мемлекет – Түркіменстан мен Өзбекстан да Ресейдің Украинаға күш көрсетуінен сескенеді. Себебі Путин бұрынғы Совет одағы аясында өзіне жақындаспаған елдерге күш көрсету саясатын ұстанып келеді, – деп ашық айтты Думан Қабдығалиев. Сарапшының мәлімдеуінше, Украина мен Ресей арасында соғыс бола қалса, Орталық Азия елдерінің бұл екі елмен өзара сауда-экономикалық қатынасына нұқсан келеді. "Әлбетте, Орталық Азия соғыс сценарийін жақтамайды" дейді ол. Енді мына бір Қырғызстандық сарапшы Эмилбек Жороевтың ойынша, Орталық Азия елдерінің әрқайсы Украинамен өзара екіжақты қарым-қатынас қалыптастырғанымен қоса бір одақта болғанын ұмыта алмайды екен. Ал Ресеймен Орталық Азия елдері үнемі өте тығыз қарым-қатынас қалыптастырған. Осы қатынас аймақ елдері басшыларының Украина мәселесіндегі ұстанымына әсер ететіні белшенеден белгілі. Орталық Азия елдерінің барлығы Ресей мен Украина арасында соғыс болғанын қаламайды. Орталық Азия елдерінің ұстанымы ҰҚШҰ-ға мүше және мүше емес елдер арасында әркелкі деп айта алмаймын. Орталық Азияның қай елі болса да Ресей мен Украина арасындағы текетірестің соғыссыз, оң шешілуін күтеді. Бұл соғыс ешкімге, әсіресе, Орталық Азия үшін қызық емес, – дейді Эмилбек Жороев. Францияда тұратын өзбекстандық сарапшы Камолиддин Раббимов Ресей әскерінің Украина шекарасынан ығыса бастағанына мән берген. Ол бұл әрекет соғыс қатерін азайтты деп санайды.
– Бұл әзірше соғыс қатерін азайту процесі басталғанын білдіреді. Путиннің 14 қаңтарда сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде келіссөздерді жалғастыру қуатталды, – дейді сарапшы.
Қазақстанға бұл соғыс әсер ете ме?
Ресей мен Украина арасындағы соғыс бастала сала Қазақстан валютасы құлдырап кетті. Сарапшылардың болжамы бойынша Түркі елдерінің ішінде осы қырғиқабақ соғыстың салдары ең қиыны Қазақстанға тиеді дейді. Өйткені, Кедендік кеңеске ОДКБ-ға мүше болып,Ресейдің саяси көзқарасына тәуелді болып отыр.
– «Қаңтар қырғыны» кезінде В.В. Путиннің ОДКБ әскерлерін жібергені де Қазақстан басшыларын тіпті өзіне тәуелді етті. Осыған қарамастан Қазақстанның мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаев жағдайдан зиянсыз шығу мақсатында соғысты тоқтатуға байланысты барын салып отыр. Дәл қазіргі кезде Қазақстан ЕЭО, Кедендік кеңес пен ОДКБ-дан шыға алмайды, себебі еліміздің экономикасы Ресейге толықтай бағынышты. Осыған байланысты Батыстың санкциялары бізге де салынуы әбден мүмкін. Нәтижеде, доллардың қымбатталуы салдарынан ел экономикасына өзіндік қара ізін қалдырады. Мүмкін болашақта, саяси жағдай қалыпқа келген кезде Қ-Ж.К. Тоқаев аталған ұйымдардан шығуға талпыныс жасайтын шығар- дейді, ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Түріксой кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор м.а. Мырзахан Эгамбердиев. Қазақстан мен Ресей тығыз саудаға тәуелді, одан бөлек экономикалық одақта. Сарапшының сөзінше бұл әрине, Қазақстанға соғыстың айтарлықтай кесапаты болатынын білдіреді.
Қазіргі уақытта да соғыс оты өршіп, жалғасып жатыр. 24 ақпанда Ресей Украинаға соғыс бастағанда сарапшылар Украина әскері қарсылық көрсете алмайды деп болжаған. Бірақ қазір сарапшылар Украина әскерінің тегеурінінен Ресей көп шығынға ұшырап, тактикасы дұрыс жұмыс істемей жатқанын айтады. Украина қорғаныс министрлігі қазірге дейін Ресейдің 12 мыңнан аса әскериін өлтіргенін мәлімдеді, бірақ соғыстағы жағдай тез өзгеріп жатқандықтан шығындар жайлы нақты дерек айту мүмкін емес. Ал Мәскеу наурыздың басында бір рет адам шығыны жайлы дерек жариялап, 498 әскериінен айырылғанын айтқан. Осыдан соң Ресей қаза болған солдаттары жайлы мәлімет таратпады.