Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен "Журналистика және ақпарат" даярлау бағыты бойынша XIV республикалық пән олимпиадасы өткізілуде.
Олимпиадаға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 16 жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. Әр топтың құрамында 3 студенттен бар. Ережеге сәйкес 2 күн қатарынан студенттер түрлі бағытта бақ сынасады. Олимпиада ережесі 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең алдын ала даярланған бейнесюжет экраннан көрсетіліп, әділқазылар тарапынан бағаланды. Ережеде көрсетілген " Өңір экологиясы","Өңір туризмі", "Мейрімге мұқтажбыз", "Ауылдан адам көшпейді","Neet жастар проблемасы" тақырыптардың бірін таңдап, бейнесюжет дайынған. Әділқазылар әр топқа бал қояр кезде бейнесюжеттің сюжетіне, операторлық жұмысына, монтаждалуына, дауыс тембрі секілді бірнеше бағыттарда саралап бал қойғанын атап өтті.Келесі кезең "Қазақ журналистикасының тарихы", "Журналистикаға кіріспе", "Шетел журналистикасы" және "Медиа тақырыбы бойынша логикалық-суретті сұрақ" пәндерінен жалпы саны 100 тест сұрағына "Kаhoot" платформасы арқылы өтті. Тестке әр топтан 1 ғана студент қатысты. Бұл кезеңде болашақ журналистердің білімі мен ой жүйріктігі сыналды. Kаhoot платформасы арқылы ұйымдастырылған жұмыс ұтымды ұйымдастырлған. Себебі, балдық жүйе, топ мүшелерінің ұпай сандары үлкен 2 экранда көрсетулі тұрды.
Бүгін "Журналистика және ақпарат" даярлау бағыты бойынша XIV - республикалық пән олимпиадасы өз жалғасын табуда.Екінші күннің алғашқы кезеңі газет жанрлары сәйкес жазба жұмыстары сағат 9:00 де басталды. Айта кететін жайт, топ мүшелері "Репортаж жанрындағы жазба жұмысы", "Корреспонденция жанрындағы жазба жұмысы", "Жолсапар очеркі жанрындағы жазба жұмысы", "Зерттеу журналистика жанрындағы жазба жұмысы" бағыттары бойынша бақ сынасады. Бұл кезеңнің ерекшелігі топ мүшелері өз жұмыстарын әлеуметтік желілерде немесе бір сайтқа жүктеуі тиіс. 4-кезең "Газет шығару тәжрибесі бойынша" бағаланады.Осылайша 2-і күнге созылған "Журналистика және ақпарат" даярлау бағытындағы XIV республикалық пән олимпиадасы бүгін өз мәресіне жетеді. Осындай маңызды сәтте болашақ журналисттерімізге сәттілік тілейміз. Бүгінгі олимпиаданың жеңімпаздарын асыға күтудеміз.
Сәрсенбек Мерей
М.Әуезов университеті