6ай бұрын есімнен танарлықтай әңгіме естідім. Менің жақын құрбым, сырыммен бөліскен, бір тоқашты бөліп жеп, бір сусынды бөле ішкен жан досым менің артымнан ғайбат сөздер айтып жүр екен.Менің бетіме күліп жүріп неше жыл бойы менің артымнан сөз таратыпты. Не себеп болғанын білмедім олай айтуына бірақ мені тәрбие көрмеген, көргенсіз етіпті. Сол алты ай бұрын өзі аяқ асты тұрмыс құрды, сол тойға да өзімді қинап бардым. Менің дым да көңіл күйім болған жоқ сол тойда, ал ол тойды кезінде мен армандап, қанша жыл елестетіп жүрген едім. Содан бері құрбыммен араласуды доғардым.... Уақыт өтіп жатты, агентте жазып жүрді, құрғақ жауап беріп қана жүрдім. Ол баратын жерлерге бармауға тырыстым.Өйткені жан құрбысы мен есту керек жаңалықтардың барлығын менен басқалардан естуші едім.. Бүгін басыма тағы жай түскендей болдым, Құрбым ұлды болды. Әрине періштенің дүние есігін ашқанына қуандым, Досым үшін қуандым аман есен босанғаны үшін, бірақ бұл жаңалықты тағы бөтен біреуден естідім. Тағы айтайын деегенім сонда ол тұрмысқа жүкті болып шықты ғой, енді міне босанды. Ал кезінде осындай лас тірліктерді менің мойыныма артқан еді. Кешіре алмай келемін әлі. Досымды бәрінен ақтадым неге тұрмысқа аяқ аятынан шығып жатыр дегенге Жігіт жақтағылар той болсын деп жатыр деп, қазір өкінем, әліде кешіре алмайды екенмін Құрбымды. Маған жасаған сатқындығы үшін... Құрбымды құшақтағым келеді бұрынғыдай , бөбегін сүйгім келеді құмарлана, бірақ олай жасай алмаймын, өйткені ренішім тарқар емес. Ех, неге реніш кеудемді билеп алған ааа????
Жылап отырмын не үшін екенін түсінбей
Мааған кеңес беріңіздерші ішімдегі ренішті қалай өшірсем екен, құрбымды қалай кешіремін((((((