Регина Бретт, Пулитцер сыйлығының екі мәрте лауреаты. Ол төменде жазылған пәлсапалық ой-тұжырымдар авторы ретінде танымал болды.
Бұл жазбаның жаны бар, себебі бұл әйел 18 жыл бойы баласын жалғыз тәрбиелеп, 41 жасында омырау обырына шалдығып, одан арыла білген жан. 45 жасында өмірін қайта бастап, жаңа сезім мен жаңа мүмкіндіктерге жол аша білген әйел. .
Өмірдің маған берген 50 сабағы:
Өмірде әділеттілік жоқ, бірақ өмір бәрі бір тамаша! Күдіктенсең, алға қарай тағы бір қадам жасаудан жасқанба. Қамшының сабындай қысқа өмірді біреуді жек көруге арнама. Өзіңе өзің тым қатал болма. Ай сайын қарызыңнан құтылып отыр. Әр бір сөзталаста жеңіске жету мақсат емес. Жалғыз отырып жылағанша, біреумен қосылып жыла, жаның тынышталады. Құдай бәрін де түсінеді. Ең алғашқы айлығыңнан зейнетақыңды жинауды баста. Шоколадқа қарсы тұру мүмкін емес. Бүгінгі күніңе кесірі тимесін десең, өткен күніңе өкінбе. Балаларың жылағаныңды көрсе айып емес. Өз өміріңді өзгенің өмірімен салыстырма. Сол адамдар қандай күйде жүргені жайлы білмейсің. Біреумен қарым-қатынасыңды жасыру керек болса, ондай қарым-қатынастың болғанынан, болмағаны жақсы. Бар өмірің бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Бірақ, қам жеме. Жаратқан жаныңда. Өмір тым қысқа. Оны іш пыстыратын ұзын-сонар жиындарға жұмсама. Әр күнің қызыққа толы болса, кез-келген жағдайға шыдай аласың. Жазушының жұмысы - жазу. Жазушы болам десең, жазудан шаршама. Кез-келген сәтте бақытты балалық шаққа оралуға болады. Бірақ, бұл тең өзіңе байланысты. Шын жақсы көретін зат үшін қадам жасаудан бас тартпа. Балауыз жақ, жақсы төсекте ұйықта, әдемі киім ки. Еш бәр нәрсені ерекше күн үшін сақтама. Ерекше күн - бүгін деп біл. Қолыңнан келгеннің бәрін істе. Сосын күт, болар іс болады. Дәл қазір қалағаныңді істе. Ертеңді, егде жасқа жеткеніңді күтпе. Қарым-қатынастағы басты орган - ми (ақыл) . Өз бақытың өз қолыңда. Кез-келген қиын жағдайда "Бес жылдан соң бұл маңызды болады ма?" деп өзіңнен сұрауды ұмытпа. Кешірімді бол. Басқалардың сен жайлы не ойлайтыны сені алаңдатпасын. Уақыт бәріне ем. Уақытқа уақыт бер. Жақсы болсын, жаман болсын - бәрі де өтпелі. Ауырып қалсаң, жұмысың саған демеу болмас. Демеу болатын туған-туыс пенен достарың, бағалай біл. Бір ғажайыптың боларына сен. Жастай өлгенше, салиқалы қарт болған жақсы. Балаларың балалық шағы қайталанбайды. Балаңа бақытты балалық шақ сыйла. Күнде серуенге шық. Күнде бір керемет болары анық. Басымыздағы қиыншылықтарды басқаның қиыншылықтарымен салыстырсақ, өзіміздің мәселелерімізге ораларымыз анық. Ертеңге үңіле берме. Қолыңнан дәл қазір не келсе, соны істеуге тырыс. Қызғаныш, көреалмаушылық - уақытты бекер кетіру. Қажетіңнің бәрі де өзіңде бар. Алайда, ең шуақты күндерің алда. Пайдалы, сүйкімді және әдемі деуге келмейтін нәрсенің бәрінен құтыл. Ақырында ең маңызды деген дүние - біз сүйген зат. Қандай жағдай болмасын, басыңды көтер, әдемі киін және елмен аралас. Кішіпейіл бол. Терең тыныс ал, ойыңды жинақтауға септігін тигізеді. Өмірдің бәрі тамаша болмаса да, ол үлкен сый. Тұлға болғың келсе, еңбектен. Жыламаған балаға емшек жоқ.