Реал Мадрид Ислам үшін!
блог
Әлемдік футболдың үздігі Реал Мадрид өз жанкүйерлерін жақсы жаңалықпен қуантты. Құрамында Карим Бензема, Рафаель Варан, Сами Хедира сияқты мұсылман ойыншылары бар.Реал Мадрид өз ойыншыларына және мұсылман жанкүйерлеріне деген құрметпен 1920 жылдан бері, Испания королі Альфонсо ХІІ бекіткен негізгі төстұлғасындағы христиан дінінің белгісін алып тастауға бел буды. Оған негізгі себеп, Реал Мадридтің өзінің демеушісін Bwin компаниясын өзгертіп, БАӘ - нің Fly Emirates компаниясымен келісім шартқа отыруы. Эмират басшысы Рас – эль – Хайм және Сауд бин Сакр аль – касим шейхі ұсынған келісім шартта мұсылман қауымына деген сыйластық негізінде төстұлғадағы белгіні алып тастау пункті бар. Соған орай Реал Мадрид басшылығы осы шешімге келген болатын. Бір жағынан танымалдылығын арттыру мақсаты да негіз болып отырғаны анық. Бірақ әлем үздігінің өзінің танымалдылығы да аз емес. Кез келген құрлықта, кез келген мемлекетте, қалада осы Реалға жанын берер жанкүйері табылары сөзсіз. Бірақ ендігі ретте, бұл жаңалықтың халыққа жақсы көзқарас қалыптастырып қана қоймай, Реал Мадридке үлкен атақ – абырой, одан да зор танымалдылық пен мыңдаған жанкүйерлерді сыйлайтыны белгілі.
Сондай –ақ, Реалдың қазіргі ойыншыларынан бөлек, бұрындары осы клубтың намысын қорғаған мұсылман ойыншылары да аз емес. Мәселен Месут Озил (Арсенал) , Хамит Алтынтоп (Галатасарай) , Нури Шахин (Боруссия) және т.б. Реалдың ұлты алжир болған француздық аяқдопшысы Карим Бензема мешіттің салуынына 3 млн көлемінде улкен қаражат берген болатын.
Әр түрлі дінде болғанымен де, мадридттіктер алаңда да , алаң сыртында да ажырамас достар. Яғни бұл жерде айта кететін, дін достықа кедергі емес! Әйтсе де, қашанда исламға сыйластықпен қарайтын Реал Мадридтің адал жанкүйері ретінде ризашылығымды білдіремін.