Райхан 4
блог
Бейсенғалидың әңгімесі.
Тұтығып, бірді айтып, бірге кетіп,сөзінің аяғын жеп қойып, бір қазақша,үш-төрт орысша араластырып, әңгімесін дәлме-дәл жеткізгім келген.Қалай жетім қалғанын, қалай пәтерден айырылығанын, қалай араққа салынғанын... Бірақ мұның бәрін тізіп жатудың қажеті жоқ.Мұндай тағдырлар мыңдап саналады. Мен оданда Райханның анасымен қалай жолыққанын баяндап берейін.
Көксау (туберкулез) болып қалғанын емханаға барғанда бір ақ білді. Оған дейін осы бір жөтел басылмай қойды деп жүретін.Тубдиспансерде ұзақ уақыт емделді. Айлап жатып,жазылғандай болған әйтеуір. Сол кезде Жансаямен танысқан еді.Жалғыздықтан зәбір көріп, әбден қатып-семіп қалған жүрегі, Жансаяны көрген кезде бөлек бүлкілдей бастады. Ал Жансая болса оған аяушылықпен қараған еді. Аяушылықпен махаббаттың арасы бір ақ тұтам емес пе. Екеуі де жазылып шыққан соң бірге тұра бастады. Райхан ол кезде екі жаста еді. Жесір Жансаяның мүмкін еркектің иісін сағынғаны шығар, әйтеуір қасында қарайып біреудің жүргенін қалады ма, десе де азаматтық некеде тұрып жатты. Райхан да оны бірден -әкетайым ау,-деп бас салды , Әлі күнге дейін білмейді, туған еместігін...