Түнде жауған қырбық қар,жылап-жылап, көзінің бояуы езіліп кеткен әйелдердің жанарына ұқсап, айғыз-айғыз болып еріп жатыр.Тағы бір-екі күн күн қар жаумай тұра тұрса екен,-деген тілегім орындалмай қалатын сияқты. Иә, енді суымаса,жыли қоймас.Доңғалақтарымды да қысқыға ауыстырып үлгермеп едім...Трассаның жиегінде тұрып, тереземді сүртіп тұрған маған, өткен-кеткен көліктер батпақ шашып өтеді, бейне бір көлігімдегі су шашқышқа су құюды ұмытып кеткенім үшін жазалап жатқан тәрізді.
-Саған не жетпейді өзі, Бейсенғали?,-деймін мен,шарасыздығымды білдіріп,-өткен жолы Өміртасқа жалынып-жалпайып жатақханада әрең алып қалдым,жұмысыңа да қайта кіргіздім, ішпеймін деп уәде беріп едің ғой!? Райханды аясаң еді,өзіңді аямасаң да, оның болашағын сен ойламасаң кім ойлайды?,-деп, қатты-қатты айтып тастадым.
-Ты знаешь Таке,-деп бастады сөзін әдетінше тілді шұбарлап Бейсенғали.Екеуміз түскі ас ішіп отырған асхананың төбесін бір қарап шығып.-Ведь Райхан маған не родная дочь...-
-Как это?, тфу, қалайша сонда?-ішіп отырған шайыма шашалып қала жаздадым.
(жалғасы бар)