Райхан 2

Райхан 2
жеке
блог

 

-Кеше бір кісіні ертіп келіпті,үсті-бастары сап-сасық! Тіпті қызына жаны ашымайды екен,мына аязда биттің қабығындай ғылып киіндірген екен өзін!-

-Мама,ана қыздың калготкиі жыртық екен!-

-Тыныш отыр,үлкендердің сөзіне араласпай.-

          Ас үйден естілген дауыстар менің ұйқымды ашып жіберді.Таңертең ерте тұрған едім. Бейсенғалиды қызымен біздің жұмыстың жатақханасына орналастырып,өзін жұмысқа алдыратын болып келісіп келіп едім. Сонымен адамдық міндетімді біттіге санап,үйге келіп құлап түскенмін. Аяз әлі басылған жоқ,Жұмыс та тоқтап тұр.

-Әкең оянды ғой деймін,бар шай ішсін деп шақырып кел!-

     Қызым бөлмеге жүгіріп келді де,-Пап,шай ішсін деп жатыр,-деп,қайтадан жүгіріп кетті. Жуынып-шайынып,ас үйге өттім. Әпкем келіп отыр екен. Амандасып,бетінен сүйдім де,-Жағдайларың қалай?,-дедім.

-Жақсы,Талғат ау,кешегі кісілерің кім,ертіп келіп жүрген?,-деп сұрады,қызығушылығын жасырмай. Мен баяндап бердім.

 

                                                 * * *

 

Содан бері екі жыл өткен. Мен басқа жұмыс істеп жүрмін. Райхан да,Бейсенғали да ұмыт болған. Өз басыммен әлек болып жүрмін! Серіктестігіміз банкрот болып,қарызға белшеден батқан кезім. Қалта телефоным шырылдады;

-Әлөу,-дедім мен,-бұл кім екен?-
-Мен ғой,Өміртаспын,жатақхананың администраторы,-дейді,күңгірлеген дауыс.
-Қайдағы жатақхана,-деймін мен түсінбей.
-Ұмытып қалғанбысың? -деді менің бұрынғы жұмыс істеген жерімнің атын айтып.
-АА,-дедім мен,не болып қалды Өмеке?-
-Білесің бе,сен бір кісіні алып келіп едің ғой жұмысқа,туысқаным деп...кішкентай қызы бар!
-Ие,ие,-дедім мен шыдамсыздана ,оған не болды?-
-Бір ай болды арақ ішіп жатқалы,бүгін жатақханадан шығар деп жатыр,жұмыстан шығып қалғанына он күн болды, сөйтіп саған қоңырау шалып тұрмын,қызына жаным ашығасын! Өзі бір сүйкімді бала! 

 

(жалғасы бар)