рамазан айы

рамазан айы
жеке
блог

 

Қожа рамазан айында қырға шығып, бір ай бойы елге уағыз айтумен болады. Бірде Иса пайғамбарымыздың көктің төртінші қабатында тұратыны сөз болады. Тындаушылардың біреуі:

-          Бұл мүбәрәк пайғамбарымыз көктің төртінші қабатында не ішті,
не жеді екен ? — деп сұрапты.

-          Ей!... Пенделік қарызын білмейтін кешше! Бір ай бойы ауылыңда
жатқан Қожадан не жеп, не іштің деп сұрауға жарамайсың да, енді келіп
менен көктің төртінші қабатында тәңірінің рақымына бөленген, пейіштің
түрлі-түрлі ас-суын ішіп-жеген пайғамбардың жайын сұраймысың?-
депті Қожа.